12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ар-намысты сот арқылы қорғауға кедергі жоқ

Әлеуметтік желі қолданушылардың белсенділігінің өсуі, ақпараттық қоғамның қалыптасуы ар-намысты қорғауға қатысты талаптардың көбеюіне түрткі болып отырғаны рас. Өкініштісі сол, ақпаратты тексермей тарататындар, өзіне ұпай жинап, танымалдығын арттыру үшін ақпараттың шын-өтірігіне мән бермейтіндер мұндай арыздардың жиілеуіне түрткі болып отыр. «Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес», «Ауыр істің салмағы білекке түсер, ащы сөздің салмағы жүрекке түсер» дегенді бабаларымыз осы сөздің салмағын, жауаптылығын білгеннен айтқан болар.

Орынсыз айтылған сөзден абыройына нұқсан келіп, ар-намысы тапталған азаматтардың сотқа жүгініп, моральдық зиянды өтеу бойынша шағымдануы қалыпты жағдай.

     Моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың заңға қайшы бұзылуының, кемсiтiлуiнің немесе олардан айырылуының нәтижесінде туындаған жан немесе тән азабын түсiніледі. Жан азабы деп адамның қорлануынан, ызалануынан, қысым жасалуынан, ұялуынан, түңілуінен, залал шегуінен туындайтын эмоциялық  жағдайын айтамыз. және т.б. қатысты сезiмдерiн түсiну қажет. Ал тән азабы деп күш қолдану немесе денсаулығына зиян келуге байланысты азаматтың сезiнетiн тән ауыруын түсiну қажет.

Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі. Талап қойған кезде азаматтар құқығының бұзылуына қатысты мән-жайды толық көрсетіп, оны растайтын дәлелдемелерді келтіруі тиіс. Сонымен бірге, осы келтірілген моральдық залалды өтеуді қамтамасыз ететін өтемақы сомасын да нақты белгілеуі міндетті. Азаматтық кодекстің 917-бабының 1-тармағына сәйкес, құқыққа қарсы әрекет жасаған тұлға моральдық зиянды толық көлемде өтеуге тиiс.

Азаматтық кодекстің 952-бабының талаптарына орай моральдық зиян ақшалай өтеледі. Осы ретте сот өтемақы сомасын ақыл-парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге ала отырып анықтайтынын қаперден шығармаған жөн.

Б.Даулетова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...