Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы төлем беріледі

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар біржолғы төлем ала алады. Бұл үшін төтенше жағдайлар қызметінен анықтама алып, жұмыспен қамту орталықтарына өтініш қалдыру қажет, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, берілетін қаражат көлемі өңір орталығы мен Әйтеке би ауданында тұратындар үшін 300 мың теңге, басқа аудан азаматтары үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болады. Қолдау түрі бұған дейін мәслихаттарда қаралып, бекітілген.

Мамандардың айтуынша, біржолғы төлемді су тасқынынан келген шығынға қарастырылған өтемақымен шатастыруға болмайды.

«Бұл қаражатты алу үшін топан суға тап болған отбасылар, штабтың комиссиясы барып үйлердің жағдайын қарап, өздерінің қортындыларын шығарып, содан кейін сол қортынды негізінде жергілікті төтенше жағдайлар басқармасынан анықтамасын алып жұмыспен қамту орталықтарына барып өздерінің өтініштерін қалдыруға құқылы. Құжаттарды 8 күн ішінде қарап, 3 күн ішінде төлемін төлеп беретін болады», — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенова.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...