12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтөбе — Хромтау — Қарабұтақ тасжолын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ тасжолы учаскелерінде қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Tengri Аuto анықтап көрді.

Жүк тасымалдаушылар Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ жолын Самара – Шымкент бағытындағы ең қиын учаске деп атайды. Бар болғаны 202 шақырымдық учаскені жүріп өту үшін оларға алты сағаттан аса уақыт қажет.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, учаскеде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Қазіргі уақытта жоспарланған 66,1 шақырымның 38 шақырымы орындалды. Бұл жұмыстарға үш бригада, 65 техника және 84 жұмысшы жұмылдырылды. Жұмыстарды шілденің аяғына дейін аяқтау жоспарланған», — деп хабарлады » ҚазАвтоЖол.

Қазіргі уақытта тасжол екі жолақты. Ұлттық компания мәліметінше, келесі жылы тасжолды қайта жөндеу және төрт жолақтыға ауыстыру жұмыстары басталады.

«2025 жылы аталған учаскені бірінші техникалық санатқа ауыстыра отырып, оны қайта жаңарту бойынша жұмыстарды бастау жоспарланған. Қазіргі уақытта халықаралық қаржы институттарымен қажетті қаражатты бөлуге қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады компания.

Қазақстанда ҚҚС төлеуден кімдер босатылмақ?

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемесін түсіндірді.

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ӘКІМДЕ БОЛУЫ КЕРЕК

Ұлттық қор – бұл болашақ ұрпақты экономикалық дағдарыстардан қорғау үшін құрылған стратегиялық актив. Ол бюджетті қысқа мерзімді толықтыру көзі ретінде емес, дағдарыстарды жеңуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді тұрақтылық құралы ретінде жұмыс істеуі керек.

Конституциялық сот букмекерлерге қатысты маңызды шешім шығарады

Конституциялық сот букмекерлік кеңседе ұтысты төлемеген кезде сот қорғауына құқықты шектеу туралы норманы тексеру туралы қазақстандықтың өтінішін қарады.

Қазақстандықтар орта есеппен қанша табыс табады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа және медианалық жалақыны есептеді.

2024 жылы Қазақстанда қай салалар ең көп несие алды?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылы бизнесті, халықты және жалпы Қазақстан экономикасын несиелеудің қорытындыларын жариялады.