12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақша айырбастау пунктіне қатысты сот: Кәсіпкердің пайдасына шешілді

Бұған дейін Астана әуежайына жаңадан келген басшылықтың төрт жылдан бері жалға алып, ың-шыңсыз кәсібін жүргізіп келе жатқан «Сервис-АСТ» компаниясына заңсыз қысым жасағаны туралы және бүгінге дейін жалға алу тәртібін бұзбай, клиенттерге сапалы қызмет көрсеткен ақша айырбастау пунктін тартып алуды көздегенін тәптіштеп жазған едік.
Әуежай әкімдігінің аяқасты жалға беру шартын бұзу әрекетіне қарсы шыққан «Сервис-АСТ» ЖШС істі сотқа жеткізіп, оң шешілген. Бірақ әуежай басшылығы «әкімшілікке қажет» деп ақша айырбастау пункті жайғасқан орынның бірін кері қайтарып алса, екіншісіне басқа кәсіп иесін жайғастыруды көздейді. Яғни, бұл орынға таласқа түскен «Байлық-финанс» ЖШС да бәсекелес ретінде іске араласа бастайды. Бұған үзілді-кесілді келіспеген компания апелляциялық шағым түсірген болатын.


Өткен аптада Астана қалалық сотында жалғасын тапқан отырыста судья тараптарға медиациялық келісімге келуге шақырып, бір апта уақыт берген-ді. 5 қараша күні сот жарыссөзге орын беріп, тараптар өз уәжін алға тартты. Апелляциялық сот шешімі бойынша алты айға созылған істе кәсіпкер Айнұр Рахимованың әділдікке қол жеткізгені мәлім болды.


«Сервис-АСТ» компаниясының мүддесін қорғаушы заңгер Алма Мусина бізге берген жауабында: «Компания 4 жылдан бері жұмыс істеп келген ақша айырбастау пунктінің біріншісін әуежай өз мұқтаждығына алған болатын. Біз екінші касса бойынша шағым түсірген едік. Енді сол пункт өзімізде қалады. Апелляциялық сот алқасы «Байлық-финанс» ЖШС мен Астана қаласының халықаралық әуежайы түсірген шағымды қарап, қанағаттандырусыз қалдырды. Яғни, Астана қаласының экономикалық сотының шешімі өзгеріссіз қалды. Демек, «Сервис-АСТ» компаниясы өзінің бұрынғы орнында жұмысын жалғастыра береді және үш жыл мерзімге жалға алу үшін келісім-шартқа қойылатын болды. Апелляциялық сот нүктесін қойған үкім бүгіннен бастап күшіне енеді», – деді.

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...