Ақша айырбастау пункті төңірегіндегі дау бейбіт жолмен шешіле ме?

2020 жылдан бері ақша айырбастау пунктін ашып, кәсібін дөңгелетіп келген Айнұр Рахимованы жалға алған орнынан ысырып, шетелдіктерді орналастырмақшы болған Астана халықаралық әуежайы басшылығының әрекеті туралы бұған дейін жазғанбыз.
Алайда, күні бүгінге дейін мінсіз қызмет атқарып келген «Сервис-АСТ» ЖШС бұл заңсыздыққа қарсы шығып, істі сотқа жолдаған еді. Себебі, әуежай әкімдігі аяқ астынан жалға беру шартын ұзартып, сауда алаңын беруден бас тартқан. Іле-шала төлем шартын да негізсіз бұзуға асыққанын алға тартқан кәсіпкер Айнұр Рахимова жал құнын уақытылы төлесек те, сынықтан сылтау іздеген әуежай басшылығының бұл өрескел шешімі заңға томпақ келетінін жеткізді.
Бұл іс бойынша бірнеше сот отырысы өтті. Сол аралықта Астана соты кәсіпкерді қолдап, оң шешім шығарды да. Алайда, «Сервис-АСТ» компаниясының ақша айырбастау пункті орналасқан бір орын әуежайдың өзіне қажет болып, істі қайта қозғауға күш салған. Бұл әрекетке келіспеген компания апелляциялық шағым түсірді. Себеп – елорда әуежайындағы сауда нүктесі жабылғаннан кейін «Сервис-АСТ» едәуір қаржылық қиындыққа тап болған.
Кеше Астана қалалық сотында жалғасын тапқан кезекті отырыста судья тараптарға медиациялық келісімге келуге бір апта уақыт беру туралы шешім қабылдады. Бұл тұрғыда «Сервис-АСТ» компаниясының мүддесін қорғаушы заңгер Алма Мусинаның «Мұндай шешім сот мәселесіне нүкте қоюы мүмкін» дейді. «Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы тараптарға, яғни Астана әуежайы, «Сервис АСТ» компаниясы және «Байлық финанс» компаниясына дауды медиация арқылы бейбіт шешуді ұсынып, бір апта уақыт берді. Егер тараптар өзара қандай да бір келісімге келе алмаса, онда апелляциялық сот шағымдарды ары қарай қарап ,өзі шешім қабылдайды», – деді пікірінде.


Сондай-ақ, адвокат Алма Мусина: «Біздің тарап, яғни «Сервис АСТ» бірінші сатыдағы сотта ұтсақ та, медиацияға қарсы емеспіз. Себебі, бұл ары қарай дауды үш тараптың өзара жақсы қарым-қатынас сақтап қалуына ықпалын тигізеді. Егер тараптар өзара келісімге келмесе, апелляциялық сот ұтылған жақтың (Астана әуежайы мен «Байлық финанс») шағымдарын қарап, олардың шағымдағы сауалдары дұрыс па, жоқ па, сол сияқты бірінші сатылық соттың шешімі заңды ма, соны тексеріп, содан кейін экономикалық соттың шешімі заңды және әділ болса, күшінде қалдырады. Ал егер әділ шешім емес десе, өзгертуі мүмкін» деп мән-жайды түсіндіре кетті.


Ал «Сервис-АСТ» ЖШС қаржы директоры Асқар Мелдібеков: «Біз бұл мәселені қарастыруға дайынбыз. Өйткені, қазіргі уақытта бізді іс жүзінде әуежайдан қуып шықты десе болады. Барлық ақша айырбастау нүктесін алып қойды. Бірақ бізге тиімді әрі қолайлы шарттар ұсынса, біз оны талқылауға қарсы емеспіз» дей келе, мәселенің түпкілікті шешімін табатынына сенім білдірді. Айта кету керек, кешегі сот отырысына Астана әуежай әкімдігінен өкіл қатысқан жоқ. 6 айға созылған сот дау бейбіт жолмен шешіле ме? Егер бір аптаның ішінде олар уағдаластыққа қол жеткізбесе, төрелік айту құқығы сот еншісінде. Апелляциялық сот отырысының нақты шешімі қазан айының 30-ы күні белгілі болмақ.

Романтические мошенники

НЕКОТОРЫМ ЧИТАТЕЛЯМ НАВЕРНЯКА ЗНАКОМА СХЕМА, ВОЗМОЖНО ПРОЖИТАЯ НА СОБСТВЕННОМ...

Господдержка как драйвер развития 

Казахстанская отрасль железнодорожного машиностроения переживает период стремительного подъема. На...

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...