Ақорда Мәскеудегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды», — деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырады.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Еске салайық, бұған дейін Мәскеуде белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды: ондаған адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, Crocus city Hall концерт залында болған атыс салдарынан қаза тапқандар саны 60-қа жеткен.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.