Қапшағай су қоймасында төрт адам суға батып кетті

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында төрт адам суға батып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 26 маусымда Қапшағай су қоймасындағы «Голубой залив» ауданында шомылуға арналмаған жерде төрт адам суға батып кеткет, олар — 1990 жылғы әйел, 1992 жылғы ер адам және 2007, 2010 жылғы балалар. Ал 1954 жылы туған бір әйел құтқарылды. Бұл адамдардың бәрі туысқан екені айтылды.

«Су қоймасында шомылу барысында толқын көтеріліп, екі ағайынды бала бата бастаған. Оларды ағасы, тәтесі және апасы құтқаруға ұмтылған. Бірақ өкінішке қарай, тек апасы ғана аман қалды. ТЖД құтқарушылары екі бала мен ер адамның денесін судан алып шықты», — деді ведомство өкілдері. 

Алматы облысы әкімінің қаулысына сәйкес, Қонаев қаласында құтқарушылар кезекшілігі ұйымдастырылған 7 қалалық жағажай бар, сондай-ақ олар құтқару мұнараларымен және шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті құралдармен жабдықталғаны хабарланды.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...