Apple құлаққап өндірісін қысқартады — БАҚ

Apple компаниясы AirPods құлаққаптарының өндірісін қысқартады, бұл сатылымның төмендеуіне байланысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Techbeezer сайтына сілтеме жасап.

Басылым дереккөздеріне сүйенсек, компания өндірісті 25-40 пайызға қысқартып, 2021 жылы шамамен 75-85 миллион AirPods сатуды жоспарлап отыр. Бастапқыда кем дегенде 110 миллион құрылғыны ел-елге жөнелту ойда болған. Бұл шешім арзан аналогтардың көбеюінен құлаққап сатылымының төмендеуіне байланысты екені жазылды.

Apple сарапшысы Минг-Чи Куо өндіріс қарқыны үшінші тоқсанның басына қарай төмендейтінін мәлімдеді.

Есепте қандай AirPods өндірісі қысқаратыны көрсетілмеген. Қазір Apple-де AirPods Pro, сымсыз қуаттағышы бар стандарт AirPods-тың екінші буыны және AirPods Max құлаққаптары бар.

Бұған дейін инсайдерлер AirPods құлаққаптарының үшінші буынының суреттерін көрсеткен болатын. Жаңа AirPods премьерасы алдыңғы аптада өнімдердің көктемгі тұсаукесері кезінде өтуі керек еді, бірақ компания оларды шығаруға әлі асығар емес.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...