Apple былтырғы смартфондарды сатуды тоқтатты — БАҚ

Америкалық Apple компаниясы былтыр шыққан iPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max сияқты бірнеше танымал смартфон үлгілерін сатуды тоқтатты. iPhone 11 мен iPhone 12 mini де енді сатылымға шықпайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Verge басылымына сілтеме жасап.

«Гаджеттер қоймалардағы қор таусылғанша ғана сатылады», — делінген мақалада.

Дереккөздің айтуынша, Apple олардың өндірісін жаңа гаджеттер сатылуы үшін тоқтатады. Компания 2022 жылы 5G байланыс стандартын қолдайтын смартфондарды ғана шығаратыны хабарланды: iPhone 14, iPhone 14 Plus, iPhone Pro, iPhone Pro Max, iPhone 13, iPhone 13 mini, iPhone 12 және iPhone SE екінші буыны.

Еске салайық, Apple жаңа iPhone 14-ті 7 қыркүйекте таныстырды. iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max 16 қыркүйектен бастап сатылымға шығады деп күтіледі.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...