Apple 6G әзірлеу үшін қызметкерлер іздеп жатыр — БАҚ

Америкалық Apple корпорациясы 6G байланысын әзірлеу үшін мамандарды іздеп жатыр, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Компания осы аптада қазіргі және жаңа буын желілері үшін сымсыз жүйелерді зерттеуші инженерлерді іздеу туралы хабарландыру жариялады», — деп жазады Блумберг агенттігі.

Компания бос жұмыс орындары туралы хабарламасында Кремний алқабындағы және Сан-Диегодағы Apple кеңселеріндегі лауазымдарды көрсеткен. Онда компания сымсыз технологиялар мен чиптерді әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, хабарландыруда 6G саласындағы әзірлемелер туралы жазылған.

1976 жылы құрылған Apple жеке және планшет компьютерлер, аудио ойнатқыштар, телефондар, смарт-сағаттар және бағдарламалық жасақтама шығарумен айналысады. 2020 жылдың қазан айында компания 5G мобиль желісін қолдайтын iPhone смартфондарын ұсынды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...