Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге тұруы, бизнес жүргізуі және мүліктік құқықтарын жүзеге асыруы жиілеп келеді. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар берген ресми құжаттардың шетелде заңды күшке ие болуы ерекше маңызға ие. Осы қажеттілікті қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық құралдардың бірі – апостиль институты.

Апостиль – 1961 жылғы 5 қазанда қабылданған Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттердің аумағында пайдаланылатын ресми құжаттың түпнұсқалығын куәландыратын арнайы мөр. Апостиль құжаттың мазмұнын емес, оған қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін, қолының және мөрінің түпнұсқалығын растайды.

Қазақстан Республиксында апостиль қою жүйесі халықаралық құқық талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Бұл рәсім азаматтардың құқықтарын халықаралық деңгейде қорғауға, мемлекеттік құжаттардың шетелде танылуына және артық бюрократиялық кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру нәтижесінде апостиль рәсімі де айтарлықтай жеңілдеді. Электрондық өтініш беру, қызмет көрсету мерзімдерінің қысқаруы және ақпараттық жүйелердің интеграциясы азаматтардың уақытын үнемдеп, қызметтің ашықтығын арттырды.

Қорытындылай келе, апостиль – жай ғана мөр емес, ол халықаралық құқықтық қатынастардағы сенім мен заңдылықтың кепілі. Оның дұрыс әрі уақытылы рәсімделуі азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға, халықаралық құжат айналымын жеңілдетуге және еліміздің халықаралық құқықтық кеңістіктегі беделін нығайтуға ықпал етеді.

Н.Асылбекова, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман сот отырсының хатшысы

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

В настоящее время одной из главных угроз, препятствующих развитию...

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің өркендеуіне, экономикалық тұрақтылығы мен...

Управление водными ресурсами

В вопросах международной политики Казахстана приоритет отдается сотрудничеству в...

Административный надзор

Для предупреждения совершения лицами, освобожденными из мест лишения свободы,...

Риски принятия наследства

Почему вместе с имуществом могут перейти и долги  КОГДА ЧЕЛОВЕК...