Апостиль – сот тәжірибесіндегі халықаралық-құқықтық тетік

Жаһандану дәуірінде мемлекеттер арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету үдерісі қарқынды дамып келеді. Осы орайда, Қазақстан Республикасының соттары қабылдаған шешімдер мен өзге де ресми актілердің шетелде заңды күшке ие болуын қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі – апостильдеу рәсімі.

Қазақстан Республикасы 2001 жылдан бастап шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын 1961 жылғы Гаага конвенциясының толыққанды қатысушысы болып табылады. Осы халықаралық келісім аясында апостиль мөртабаны қойылған құжаттар конвенцияға мүше 120-дан астам елде қосымша консулдық заңдастырусыз, жеңілдетілген тәртіппен ресми түрде қабылданады.

Сот тәжірибесінде апостильдеудің маңызы өте жоғары. Апостиль – құжатқа қол қойған судьяның немесе сот лауазымды тұлғасының қолының түпнұсқалығын, оның өкілеттігін және құжат бекітілген мөрдің теңдігін халықаралық деңгейде куәландыратын арнайы штамп. Бүгінде бұл үдеріс заман талабына сай цифрландырылған. Азаматтар сот актілерін апостильдеу үшін eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы өтініш бере алады. Іске қосылған «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі құжаттарды тіркеу мен электрондық нысанда мөртабан басу мерзімін айтарлықтай қысқартып, әурегершілікті азайтты.

Қорытындылай келгенде, сот жүйесіндегі апостильдеу институты – азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін шетелде қорғаудың тиімді әрі сенімді құқықтық механизмі. Оның қолданылу аясын білу және заңдылықтарын сақтау әрбір азаматтың уақытын үнемдеп, халықаралық деңгейдегі құқықтық мәселелердің жедел шешілуіне кепілдік береді.

Г.Чингисов, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы

Депутаттар 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қою тетігін нақтылауды ұсынды

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне шектеу...

Мемлекеттік тіл мәртебесі – тәуелсіздіктің тұғыры

Жаһандану дәуірінде кез келген тәуелсіз мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен...

Аумақтан тыс соттылықтың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының сот жүйесін жаңғырту және оның ашықтығын арттыру...

Бүгін – Әскери-техникалық саясат саласы мамандарының күні

10 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-техникалық саясат саласындағы мамандары...

Алатау ауданындағы №196 мектепте Отбасы күні аталып өтті

Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні...