Апостиль – ресми құжаттарды шетелде заңдастырудың жеңілдетілген тәртібі

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге тұруы немесе тұрақты тұруға көшуі жиілеп келеді. Осындай жағдайларда Қазақстан Республикасында берілген ресми құжаттарды шетелде пайдалану қажеттілігі туындайды. Мұндай құжаттардың заңды күшін растаудың кең таралған тәсілдерінің бірі – апостиль қою рәсімі.

Апостиль – құжаттың түпнұсқалығын, оған қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін және құжаттағы мөрдің немесе мөртабанның шынайылығын растайтын арнайы белгі

Апостиль құжаттың мазмұнын растамайды. Ол тек құжаттың ресми түрде берілгенін және оның ресімделуінің заң талаптарына сәйкес келетінін куәландырады. Сондықтан апостиль қойылған құжат Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттердің аумағында қосымша консулдық заңдастырусыз пайдаланылуы мүмкін.

Апостиль әртүрлі ресми құжаттарға қойылуы мүмкін. Олардың қатарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер, білім туралы құжаттар, нотариат куәландырған құжаттар, сот актілері және заңнамада көзделген өзге де ресми құжаттар жатады. Алайда әрбір құжат бойынша апостиль қоюға уәкілетті мемлекеттік орган әртүрлі болуы мүмкін.

Егер құжат апостиль қолданылмайтын мемлекетте пайдаланылатын болса, онда оған халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамаға сәйкес консулдық заңдастыру рәсімі қолданылуы мүмкін.

Құжаттарды шетелде кедергісіз пайдалану үшін апостиль қою тәртібімен алдын ала танысып, құжатты қай орган рәсімдейтінін нақтылаған жөн. Бұл уақытты үнемдеуге және құжаттарды ресімдеу барысында туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Апостиль рәсімі халықаралық құқықтық қатынастарды жеңілдетуге бағытталған маңызды болып табылады. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді іске асыру үшін құжаттарды заң талаптарына сәйкес рәсімдеу.

 Қайып Раушангүл, Қызылорда қаласының  әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының сот әкімшісі басшысының орынбасары

КАК ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПРЕВРАТИЛИ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ В КРУГЛОСУТОЧНЫЙ КОНТРОЛЬ 

ЕЩЕ ДВАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД ЧЕЛОВЕКУ, РЕШИВШЕМУ ПРЕВРАТИТЬ ЧУЖУЮ ЖИЗНЬ...

Оставьте ненужные споры

Сначала Бозжыра, затем Кок-Жайляу, теперь Катон-Карагай и Маркаколь… Споры...

Адамға бағдарланған мемлекеттік қызмет: жаңа заңның жаңа мүмкіндіктері

Мемлекеттік қызмет-ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан, бұл саладағы...

Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы сенім көпірі

Мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – билік пен қоғам...