Апостиль – ресми құжаттарға қойылатын мөртаңба.

Апостиль – бұл жай ғана мөр емес. Ол – мемлекеттердің бір-біріне деген құқықтық сенімінің белгісі. Бір елде берілген құжаттың екінші мемлекетте мойындалуына мүмкіндік беретін халықаралық жүйе десек те болады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуы апостиль рәсімін де жеңілдетті. Бүгінде азаматтар кейбір қызметтерді электронды түрде рәсімдеп, кезекке тұрмай-ақ қажетті құжаттарын дайындай алады. Құжаттағы кішкентай ғана белгі адамның тағдырындағы үлкен өзгерістерге себеп болуы әбден мүмкін.

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым термин болып көрінуі мүмкін. Алайда оның ар жағында адамның үлкен арманы, жаңа өмірге жасаған қадамы, болашаққа деген сенімі болады.

Апостиль қою үшін ұсынылған соттың ресми құжаттарына қол қоюға және мөртаңба басуға сот шешімін шығарған судья, ал егерде судья болмаған жағдайда соттың төрағасы уәкілетті.       Апостильденген құжат кез-келген басқа аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және апостильденген құжаттарды Гаага конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің ресми органдары мойындайтынын атап өткен жөн.

Қорытындылай келгенде, апостиль қазіргі жаһандану дәуірінде ерекше маңызға ие. Әлем елдерімен байланыс артқан сайын, оның қажеттілігі де арта түсетіні белгілі. Ең бастысы – азаматтар бұл жүйенің мәнін түсініп, құжат рәсімдеу кезінде оның маңызын ескеру керек. Халықаралық құқықтық қатынастар кезінде апостиль құжаттардың заңды күшін танудың маңызды тетігі.

Қ.Нұржігітов     

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...