АПОСТИЛЬ ҚОЙЫЛАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құжаттарын шетел мемлекеттерінің аумағында заңды күшіне енгізу қажеттілігі халықаралық құқықтық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы ретте құжаттарды заңдастырудың жеңілдетілген тәртібі ретінде апостиль институты ерекше маңызға ие.

Апостиль – бұл 1961 жылғы 5 қазандағы Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Гаага конвенциясына сәйкес ресми құжаттарға қойылатын арнайы мөр (штамп). Аталған Конвенцияға қосылған мемлекеттер арасында құжаттарды қосымша консулдық заңдастырусыз тануға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияға қосылған мемлекет ретінде апостиль қою рәсімін ұлттық заңнама шеңберінде реттейді. Апостиль қою құзыреті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктелген және ол құжаттың түпнұсқалығы мен оған қол қойған тұлғаның өкілеттігін растауға бағытталған.

Апостиль қойылатын ресми құжаттардың қатарына сот актілері, нотариалдық куәландырылған құжаттар, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер, білім туралы құжаттар және өзге де ресми сипаттағы құжаттар жатады. Коммерциялық немесе кедендік сипаттағы құжаттарға апостиль қолданылмайды.

Сот жүйесі саласында апостиль сот актілерінің халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз етеді. Шетел аумағында сот шешімдерін пайдалану қажеттілігі туындаған жағдайда тиісті сот актісіне апостиль қойылады.

Апостиль қою тәртібі өтініш беру, құжатты ұсыну және белгіленген мемлекеттік бажды төлеу арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті орган құжаттың заңдылығын тексеріп, Конвенция талаптарына сәйкес апостиль қояды.

Осылайша, апостиль халықаралық құқықтық айналымда құжаттардың заңды күшін танудың тиімді әрі жеңілдетілген тетігі болып табылады.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы

Чингисов Галым Ануарович

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...