12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ РАСТАУ ТӘРТІБІ

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге тұруы немесе мүліктік қатынастарға түсуі жиілеп отыр. Мұндай жағдайларда құжаттарды шетел мемлекеттерінің аумағында заңды түрде пайдалану қажеттілігі туындайды. Осы ретте апостиль институтының маңызы ерекше.

Апостиль – бұл 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес құжаттың түпнұсқалығын растаудың жеңілдетілген тәсілі. Аталған Конвенцияға қатысушы мемлекеттер бір-бірінің ресми құжаттарын консулдық заңдастырусыз таниды. Яғни, құжатқа апостиль қойылған жағдайда, ол Конвенцияға мүше басқа мемлекеттердің аумағында қосымша растаусыз заңды күшке ие болады.

Қазақстан Республикасы 1999 жылы Гаага конвенциясына қосылды. Осыған байланысты елімізде берілген ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі ұлттық заңнамаға сәйкес реттеледі. Апостиль құжатқа немесе оған қоса тіркелген параққа арнайы үлгідегі мөртабан ретінде қойылады. Онда құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы, қолының түпнұсқалығы және мөрдің шынайылығы расталады.

Апостиль қоюға жататын құжаттарға:

  • сот органдарының құжаттары (сот шешімдері, үкімдер, анықтамалар);
  • нотариаттық куәландырылған құжаттар;
  • азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының құжаттары (туу, неке, ажырасу туралы куәліктер);
  • білім туралы құжаттар және өзге де ресми актілер жатады.

Сонымен қатар, апостиль дипломатиялық немесе консулдық құжаттарға, сондай-ақ коммерциялық немесе кедендік операцияларға тікелей қатысты құжаттарға қойылмайды.

Апостиль рәсімі азаматтардың құқықтарын халықаралық деңгейде қорғауға, құжат айналымын жеңілдетуге және уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұрын құжаттарды шетелде пайдалану үшін консулдық заңдастырудың көпсатылы рәсімінен өту қажет болса, қазіргі таңда апостиль арқылы бұл процесс айтарлықтай оңайлатылған.

Қорытындылай келе, апостиль – халықаралық құқықтық қатынастардағы маңызды тетік. Ол мемлекеттер арасындағы сенім қағидатына негізделіп, азаматтар мен заңды тұлғалардың шетелдегі құқықтарын іске асыруға қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан апостиль тәртібін білу және оны дұрыс қолдану – қазіргі құқықтық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Асылбекова Нұргүл Онталапқызы

ЖУРНАЛИСТІК ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпарат қоғамның негізгі ресурсына айналып, журналистиканың...

Стратегический прорыв в АПК

Реализация крупных инфраструктурных проектов в агропромышленном секторе Туркестанской области...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

Условно-досрочное освобождение от отбывания наказания (УДО) в Республике Казахстан...

Высокий порог ответственности

ПРЕДСТАВЬТЕ СЕБЕ СИТУАЦИЮ: ВО ВРЕМЯ ДВИЖЕНИЯ АВТОБУСА К ВОДИТЕЛЮ,...

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық...