Антына адал – Еркін Қожахметов

Қызметке адалдық пен тәртіпке жауапкершілік – Қожахметов Еркін Шәкірбекұлының басты қағидасы. Ол Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде кезекші бөлімде қызмет атқарады.

Еңбек жолын 2006 жылы небәрі 19 жасында бақылаушы болып бастаған Еркін Шәкірбекұлы бүгінде кәсіби тәжірибесі мол, өз ісінің шебері. Режим бөлімінің қызметкері, жасақ бастығы қызметтерін атқарып, қазір мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кезекші бөлімде жұмыс істейді.

Күнделікті міндеттері – сотталғандардың тәртібін бақылау, мекеме аумағын күзету, заңбұзушылықтың алдын алу және қызметкерлерге нұсқау беру.

20 жылға жуық адал еңбегі үшін бірнеше рет ҚАЖ комитетінің, ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен марапатқа ие болған. Үш ұлдың әкесі ретінде отбасында да, қызметте де жауапкершілікті жоғары қояды.

«Балаларым менің жолымды таңдаса, тек адал әрі әділ болса екен», – дейді ол.

Антына адал Еркін Қожахметов – ҚАЖ саласындағы үлгілі қызметкер.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...