12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Антикор: Қазақстанда 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

Арнайы ХҚКО-ларға жүргізілген жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша бюджетке түсетін түсімдер 10,6 миллиард теңгеден 91,3 миллиард теңгеге дейін ұлғайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде жемқорлық тәуекелдері анықталған.

«2011 жылдан бері қолданылып келе жатқан автокөлікті тіркеу жүйесі әділетсіз қызметкерлердің жалған деректер енгізіп, жалған құжаттар беруге жағдай туғызып, жемқорлыққа жол берген.

Агенттік 3 жыл ішінде 23 қылмыстық істі тергеді. 3 мыңнан аса заңсыз көлік есепке қойылып, 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілді. Уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар енгізіліп, олардың бір бөлігі іске асырылды», — делінген хабарламада.

Арнайы ХҚКО мен ІІМ-де автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылған. Өтінімдерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзету үшін мүмкіндіктер алып тасталған. Енді тек әкімшілік полиция комитеті өзгерістер енгізе алады.

«Өтінімдерді тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл үшін тек ЖСН енгізу қажет, ал қалған деректер басқа ақпараттық жүйелерден автоматты түрде толтырылады. Бұл ретте жүйенің өзі екінші деңгейдегі банктердің түбіртектерін, міндетті төлемдерін және айыппұлдарын төлеуді тексереді».

2022 жылы 9,4 мың автокөлікті тіркегені үшін 10,6 миллиард теңге жиналған, 2023 жылы заңдастыруды ескере отырып, 10,2 мың автокөлікті тіркеген кезде 91,3 миллиард теңге түскен. Аталған тәуекелдерді жою нәтижесінде былтыр бюджетке түскен түсім 9 есеге ұлғайды.

«Компьютерлерге қашықтан қолжеткізу арқылы тұлғаларды ауыстыру және емтихан нәтижелері арқылы жүргізуші куәліктерін беру процесінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталды. Агенттіктің ұсынымдары бойынша міндетті биометрия және қоғамдық бақылау үшін тікелей эфирде бейнетіркеу сынды бақылау шаралары енгізілді.

Емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайта тапсыру саны екі ретке шектеліп, ал өте алмаған жағдайда 3 айдан кейін немесе тыйым салынған заттарды пайдаланған жағдайда 6 айдан кейін тапсырады», — делінген хабарламада.

Жаңа ақпараттық жүйелерді енгізудің арқасында емтихандарды тапсырған сыңай таныту тәуекелдерін едәуір азайтуға мүмкіндік туған.

«Жалпы, жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу осы саладағы барлық қызметке оң әсерін тигізді. Бүгінде агенттік жүргізуші куәліктерін алу және көлікті тіркеу рәсімдеріне қоғамдық мониторинг жүргізуді ұйымдастырып жатыр. Бұл жұмысқа жемқорлыққа қарсы еріктілер тартылды».

Сондай-ақ, 2023 жылғы желтоқсанда ХҚКО қызметкерлерін жемқорлық субъектілеріне жатқызуға қатысты заңнамаға маңызды түзетулер енгізілгені айтылды. Бұл өзгерістер 2025 жылғы қаңтардан бастап күшіне енеді.

Түзетулер қызметкерлер тарапынан теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Новый закон – шаг к прозрачности

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОДПИСАЛ ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ СУЩЕСТВЕННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ В РЯД НОРМАТИВНЫХ АКТОВ, ВКЛЮЧАЯ ЗАПРЕТ НА НОШЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ ОДЕЖДЫ, ЗАКРЫВАЮЩИХ ЛИЦО, В ОБЩЕСТВЕННЫХ МЕСТАХ. ИНИЦИАТИВА ВЫЗВАЛА ШИРОКУЮ ОБЩЕСТВЕННУЮ ДИСКУССИЮ СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА И РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ.

Елімізде ағаштарға келтірілген залал үшін өтемақы мөлшері артты

Қазақстанда ағаштарды жойғаны үшін өтемақының жаңа мөлшері бекітілді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кескеніңіз, бүлдіргеніңіз немесе жинағаныңыз үшін бір ағашқа 314 560 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін.

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды. ҚМДБ жаңа өзгеріске байланысты мәлімдеме жасады.

Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – БІР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ ЕМЕС

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жуырда Алматы облысының Қонаев қаласында кезекті форумын өткізді. Ұйым нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм жəне ысырапшылдық сияқты əлеуметтік кеселдердің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында «Салауатты сана» жобасын əзірлеген болатын.