Қандықол қылмыскер емес: Аяжан Еділованың өліміне күдікті жайлы ақпарат айтылды

19 жастағы Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деген күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғыны ауруханадан шығарылып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына ауыстырылды. Ол енді тергеудің аяқталуын күтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті ұстау кезінде өзін-өзі өлтірмек болған. Артынша оған ота жасалып, жағдайы жақсарғаны туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлаған еді. Күдіктінің жағдайының жақсаруы оны тергеу изоляторына ауыстыруға мүмкіндік берді.

Тергеу барысымен танысқан құқық қорғау органдарындағы дереккөз телефон арқылы сөйлескен кезде қазіргі уақытта іс арнайы прокуртураға жіберілгенін айтты. Оған қоса ол күдіктінің осыған ұқсас бірқатар қылмыстар жасады деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Күдіктінің тұрғылықты жерінен тек жәбірленуші Аяжан Еділованың заттары табылды. Басқа қыздардың құжаттары немесе заттары болған жоқ. Тергеу кезінде әлеуметтік желілерде жазылған ақпараттар расталмады. Бұл шындыққа жанаспайтын мәліметтер», — деді ақпарат көзі.

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазған болатынбыз.

Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні — Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады.

Полицияға пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты. Сосын Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...