Қандай ауруға шалдыққанда көлік жүргізуге болмайды? Дәрігер кеңесі

Жүрек-қан тамыры аурулары бар адамдар үшін көлік жүргізу қауіпті болуы мүмкін. Сондай-ақ, катаракта, глаукома және инсульт алған адамдарға көлік жүргізбеген жөн. Бұл туралы терапевт дәрігер Андрей Звонков айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, жүрек ырғағының бұзылуы өте қауіпті.

«Егер адамда аритмия немесе жүрек ырғағының күрделі бұзылу түрлері болса, олар жолаушы санатына ауысқаны дұрыс. Кәсіпорындарда гипертониямен ауыратын жүргізушілердің қан қысымы 140-тан жоғары болса, оларды желіге шығармайды. Ал күнделікті өмірде әркім өз ойынша тәуекелге барады. Қан қысымы 200 де 100 болса, ол адам мұны білмей қалуы мүмкін. Ол рөлде отырған кезінде де аяқ асты есінен танып қалуы мүмкін», — деді Звонков.

Сондай-ақ, көру қабілеті бұзылған және инсульт алғаннан кейін көлікті жүргізбеген дұрыс, деп кеңес берді терапевт.

«Глаукома кезінде түсті қабылдау қатты өзгеруі мүмкін. Катаракта кезінде көру өрістері түсіп кетеді. Инсульттан кейін де көлік жүргізбеген дұрыс. Егер оңалту аяқталған болса, науқас өзін қалыпты сезінеді, оның реакциясы зардап шекпеген болса, невропатологпен кеңескеннен кейін көлік жүргізе алуы мүмкін. Сондықтан, жүргізушінің жағдайын психоневролог, невропатолог тексеруі керек», — деді дәрігер.

Сонымен қатар, дәрігер қандай дәрі-дәрмектерді ішкеннен кейін көлік жүргузі қауіпті екенін айтты. Звонковтың айтуынша, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін барлық препараттың нұсқамасында дәріні ішкеннен кейін көлік жүргізу және қауіпті әрекеттермен айналыспау керек деген белгілер бар.

«Бұл препараттар реакцияны азайтады. Оларды тыныштандыратын дәрілер деп атауға болады. Ең танымалы — «Валокордин». Оның құрамында жүрек соғу жиілігін төмендететін валерик қышқылы және өте күшті фенобарбитал бар. Ұйықтамасаңыз онда реакция міндетті түрде баяулайды», — деп түсіндірді Звонков.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...