Анатолий Цой: Мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуға әбден лайықпын

Анатолий Цой Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуға барын салуда. Жиырма жыл осы салада қызмет еттім деген әнші президентке хат жазуға дайын. Тіпті осы атақты алу үшін азаматтығын өзгертпегенін айтады.

Бұл туралы «Без фильтров»  бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады stan.kz.

Анатолий Цой Талдықорғанда туып-өсті. Қаладағы мәдениет сарайында бірнеше жыл қызмет етті.

«Маған әлі 24 жастасың, жассың, саған атақтың не керегі бар дегендер болды. Мен дәл осы атаққа өзімді әбден лайықпын деп ойлаймын. Себебі, осы салады қызмет еттім. Қаншама қайырымдылық концерттерге қатыстым. Тіпті осы үшін азаматтығымды өзгерткен жоқпын», — деді әнші.

Анатолий 7 жылдан бері Ресейде тұрып жатыр. Ол елдің азаматтығын алмаған. Себебі, алдымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алуым керек дейді.

«Мен керек болса, президентке дейін хат жазамын. Мен осы атаққа лайықпын. Бұл атақ ешнәрсе бермейді. Сонда да алуым керек. Ресейдің азаматтығын алу маған қиын емес. Бірақ маған ол керек емес», — деді Цой.

Айта кетейік, Анатолий «Гүлдер» ансамблінде де жұмыс істеген. Алайда атақты иеленуге бір жыл қалғанда қызметкен кеткен екен.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...