12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қанат Исламның жеңілу себебі айтылды

Журналист Франсиско Салазар The Ring үшін жасаған шолуында қазақстандық боксшы Қанат Исламның жеңілу себебін айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл Қанат Исламның карьерасындағы алғаш жеңілуі. Автордың сөзінше, Келли қазақстандықтан озып түскен. 

«Қанат Ислам бұл жекпе-жекте фаворит болатын және қарсыласымен салыстырғанда күшті қарсылықпен кездесті, бірақ Келли барлық жағынан тиімді болды. Ислам Джейсон Минданы кезектен тыс жеңгеннен кейін бір жылдай жекпе-жекке шықпады. Бұл оның күту уақыты қалай есептелмегені және рингтің ортасында жиналғаны кезінде байқалды.

Жекпе-жек соңында Ислам ұпай бойынша жеңіліп келе жатқанын сезіп, агрессор бола бастады. Ұлыбританиялық боксшы екеуі жақын қашықтықта кездескенде Исламға жақсы тойтарыс берді», — деді Салазар.   

Еске салайық, 26 ақпанда Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасын өткізіп, карьерасында алғаш рет жеңілді. Бұл айқас АҚШ-тың Плант-Ситидегі бокс кешінде өтті. Ал қазақ боксшысының қарсыласы ұлыбританиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болды. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британиялыққа берді. 

АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен көрнекті абайтанушы-ғалым Жабал...

Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім қабылдайтын платформа іске қосылды

Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында...

В Алматы состоялось итоговое мероприятие «Jana Beles»

17 ноября, в Международный день студента, в Алматы состоялось...

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарастыру мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдығы

25.11.2025 ж. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыру жұмысы...