12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Аналар кеңесінің қоғамға берері мол»

Жахина Айнұр, Ақмола облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы:

— Аналар кеңесінің қызметі туралы айтып беріңізші. Қазіргі таңда Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты Аналар кеңесінің қоғамдағы рөлі қандай?

— Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі – Ассамблеяның заңды құрылымдарының бірі саналады. Олар өз қызметін еліміздің үлкен қалаларынан бастап әрбір шағын елді мекенінде жүзеге асырады. Осыжан біршама уақыт бұрын қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту ісіне халықтың барлық топтарының қатысуын күшейту мақсатында елімізде Аналар кеңесі жаппай құрыла бастаған болатын. Сол уақыттан бері еліміздегі Аналар кеңесі кейбір тұрмыстық мәселелерді шешу, тәрбиелік шараларды ұйымдастыру, қайырымдылық көрсету,  ұлттық құндылықтарды сақтау, қоғамдағы ана мен әке рөлін айқындау, ұлттық дәстүрімізді жаңғырту секілді көптеген іс шараларда өздерінің орнын айқындап келеді. Қазіргі таңда Ақмола облысында 1200-ден астам Аналар кеңесінің мүшесі бар, сонымен қатар 104 аналар кеңесі, оның ішінде 1 облыстық, 3 қалалық, 13 аудандық, 87 ауылдық аналар кеңесі жұмыс істейді. Бірінші тоқсанда облысымыздағы Аналар кеңесі 40-тан  аса  іс-шара өткізіп, оған 2300-ден астам адам қатысты.

— Жыл басынан бері Ақмола облыстық ҚХА қарасты Аналар кеңесі қандай шараларды өткізуге мұрындық болды? Таратып айтып бере аласыз ба?

— Жыл басында Достық үйінде Көкшетау қаласы Аналар кеңесінің «Көкшетау қаласы мектептерінде аналар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті. Отырысқа директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар мен ҚХАА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы және Көкшетау қаласы аналар қалалық кеңесінің төрайымы қатысты. Отырыста Көкшетау қаласы мектептерінің аналар кеңесінің жұмысын жандандыру, олардың ҚХАА басқа қоғамдық құрылымдарымен интеграциялануы мәселелері талқыланды. Балалар мен жасөспірімдер арасында интеграцияның, нашақорлықты алдын алудың, ерекше білім беру және мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендірудің маңызды құралы ретінде мемлекеттік тілді күнделікті өмірге енгізу, мектептегі қарым-қатынас мәселелері және медиация арқылы жанжалдарды шешу жолдары мәселелері қаралды. Одан соң қаңтар айында тағы «Мұрагерлер – Қамқоршылар – Жасаушылар» мәдени жобасы аясында сәндік-қолданбалы өнер одағының мүшесі Рахимова Адемау Серікқызы «Гүлді түйреуіш» атты ленталармен жұмыс бойынша шеберлік сабағын өткізді. Аталмыш шара қатысушылары дәстүрлі өнерге қол тигізіп, ленталар мен басқа материалдарды пайдаланып әдемі гүлді төс белгілерді жасауды үйренді.

Одан соң осы қаңтар айында ҚХАА сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының төрайымы, аналар кеңесінің мүшесі -Нұрқанова Гүлбара Намазбекқызы «Оқытуда инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» семинар-практикумына қатысты. Семинардың ұйымдастырушысы Астана қаласының Ы. Алтынсарин атындағы BINOM School мектеп-лицейі. Аталған іс-шарада ол жүнмен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, көрме ұйымдастырды. Гүлбара Намазбекова сертификатпен және төсбелгімен марапатталды, сондай-ақ оған Қазақстан этнодизайнерлер Одағының куәлігі табыс етілді. Қаңтар айының аяғында профилактикалық жұмыс аясында Ақмола облысы Аналар кеңесінің мүшесі, дәрігер невропатолог, «Әйел және денсаулық» бағытының үйлестірушісі Жанар Сапарғалиқызы Ыдырысова Көкшетау қаласының №12 ОМ оқушыларымен «Vape-бұл сәнді емес, бұл өте зиянды!» кездесуін өткізді. Одан соң ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері қыздарға арналған «Қыз-ұлт болашағы» таланттар байқауына қатысты. Қатысушылардың міндеті-өздерінің тәрбиесін, еңбекқорлығын, дәстүрлерге адалдығын және шығармашылық қабілеттерін көрсету. Әр қатысушы өзін ерекше формада таныстырды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті, ұлттық костюм туралы айтып, шығармашылық нөмірмен өнер көрсетті. Бұл біздің бір ақ айдың ішінде өткізген шараларымыз. Қарап отырсаңыз әрқайсысы әр бағытта. Қолөнерге баулудан бастап, қыз келіншектеріміздің денсаулығы, зиянды әдеттер, ұлттық құндылықтарға да бағытталған. Яғни Аналар кеңесінің қызметі де әралуан дей аламыз. Бір ақ айдың ішінде ұйымдастырған шараларымыздан Ақмола облысы Аналар кеңесінің қаншалықты белсенді екенін бағамдай аласыз.

— Оның ішінде этносаралық қарым қатынасты нығайтуға да бағытталған шараларды қамтисыздар ма? Қанша айтқанмен Ассамблеяға қарасты кеңес ретінде…

Әрине. Мәселен ақпан айының басында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын іске асыру аясында «Ақ жаулық – Аналардың символы» атты іс-шара өткіздік. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Айгүл Нұрмағанова, «Манас» этномәдени орталығының төрағасы Закирдин Жорабеков қатысты. Мерекелік концерт бағдарламасында қазақ, қырғыз, орыс тілдерінде әндер шырқалып, әр ұлттың билері де көрсетілді. Қалыңдықтың жаңа отбасына кіруі туралы көрініс және ата-аналар мен аға буынға деген құрмет туралы үлкен тәрбиелік мәні бар бейнефильм көрсетілді. Үлкен мемлекет кішкентай отбасылардан басталатынын ескерсек, әр отбасының татулығы, бірлігі, өзара сыйластығын қалыптастыру қажет. Ұлттық өнерді де насихаттауды ұмытпаймыз. Мәселен «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» жобасын іске асыру аясында «Ақ орамал — Асыл аналардың аманаты» атты дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстел жұмысының аясында Ақмола ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қыздарға және құрылыс техникумының студенттеріне арналған иірілген жіппен жұмыс бойынша көрме мен шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

Апта бойы «Еңбек адамы» идеясын ілгерілету және үлкен жетістіктерге жеткен танымал адамдармен танысу аясында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері үшін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы

жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Анаргүл Қайржанқызы Мұхамедрахимовамен «Менің жетістігім-менің нәтижем» атты кездесуі өтті, ол өзінің тәжірибесі, көп балалы ана болу және кәсіпкерлік қызметпен табысты айналысып, оны қоғамдық қызметпен ұштастыру тәсілдері туралы айтып берді. Ол жастарды қиындықтардан өтіп, алға ұмтылуға шақырды. Арасында мотивациялық осындай шаралар да ұйымдастырамыз. Ақпан айында IT-мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымы «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» апталығы аясында «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» атты форум — сұхбат ұйымдастырылды. Ұлттық қолөнерді жаңғырту мақсатында шеберліік сыныптарын да тұрақты өткізіп тұрамыз. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен «Мұрагерлер-қамқоршылар-жасаушылар» жобасы аясында тоқу бойынша шеберлік сағаты соның дәлелі. Бұл жолы тоқу бойынша шеберлік сағаты 15 адамды қамтыды. 13 ақпанда «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының ұйымдастыруымен және ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің қатысуымен «Әйелдер көшбасшылығы» атты дөңгелек үстел өтті. Онда қоғамдағы әйел рөлін ашатын баяндамалар оқылып, талқыға салынды. Облыстағы білім беру мекемелерінде «Жасыл сертификат» жобасын іске асыру аясында «Нашақорлық індет – алдын алу міндет» тақырыбында кездесулер өткізіп, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 1 курс студенттері арасында ақпараттық-профилактикалық кездесу өткіздік. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының полиция спикері-подполковнигі Р. Құрсанова есірткі заттарының, алкоголь мен темекіні пайдаланудың, нашақорлықтың жас ағзаға зиянды әсері туралы айтып, жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуге шақырды.

Әйелдердің тарихи бейнелерін де жаңғыртып отыру парызымыз. Осы орайда 17 ақпанда Бурабай ауданында Аналар Кеңесінің «Қазақ тарихында есімі қалған аналардың келбеті» атты форумы өтті. Форум бағдарламасында-ауданның әйелдері мен қыздарының халықтық-қолданбалы өнер көрмесі өтті. Бұдан әрі форум жұмысы «Тарихқа тағзым» №1 секциясымен жалғасты, онда Қазақстан тарихындағы көрнекті әйелдер тұлғалары туралы тақырыптар қозғалды. «Шамшырақ» қыздар клубы сахнада Б. Бекетайдың «Сенің де хақың бар, қайта тұрып жүгіруге» атты қазір қарқын алып келе жатқан ерте жүктілік мәселесі туралы авторлық қойылымын көрермендер назарына ұсынды. «Бүгінгі қазақ отбасының келбеті» секциясында қазіргі қоғамдағы отбасы мәселелері қозғалды, көпбалалықтың әл-ауқаты, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңыздылығы, балалардың қауіпсіздігі және т.б. туралы айтылды, психологпен әңгіме жүргізілді.

Қоғамымыздағы басқа да атаулы күндер назардан тыс қалған емес. Зеренді ауданының Баратай ауылында Зеренді ауданының Аналар кеңесі мен әкелер кеңесі ұйымдастырған кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған іс-шара өткіздік. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері, аналар кеңесінің мүшелері, оқушылар қатысты. Кездесу аясында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қол күрес бойынша спорттық ойындар өткізілді. Бұл шарада облыс көлемінде 40 шақты адам қамтылды.

Алғыс айту күні қарсаңында еңбек ұжымдарындағы ақпараттық жұмыс шеңберінде Ақмола ҚХА өкілдері – ҚХА мүшесі, «Вайнах» облыстық шешен-ингуш этномәдени қоғамының төрағасы Г. Яндиев, Ақмола облысы бойынша «Ассамблея жастары» облыстық өкілдігінің төрайымы А. Әнуарбекова 5510 әскери бөлімінде әскери қызметшілермен кездесу өткізді. Іс-шара барысында Ассамблея мүшелері отансүйгіштіктің, Отанға адал қызмет етудің құндылығы туралы айтып, жалпыұлттық келісім мен бірлікті нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы бөлісті. 27 ақпанда Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесі бірлесіп алғыс айту күні аясында аталар мен әжелер үшін «Аталарды құрметтейік» атты кездесуі өткізді. Оның аясында асық ату, армреслинг, дойбы бойынша жарыстар, қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша викторина өткізілді. Яғни біздің өткізетін әрбір шарамыздың қоғамға берері мол. Барынша қоғамды ізгілікке, мейірімділікке, ұлттық құндылыққа шақыруға бағытталған.

— Әлеуметтік желілеріңізден байқап қалдым, қайырымдылық шараларына да атсалысып тұрады екенсіздер.

— Рас, елімізде болып жатқан жағдайларға бей жай қарай алмаймыз. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы көп балалы отбасыларына қол ұшын созып,  пәтер жалдап, киім-кешек, азық-түлікпен көмектесіп жатырмыз. Оған дейін де мұндай шаралардан қалыс қалған емеспіз. Мәселен ақпан айының аяғында  «Қоғамдық келісім» КММ базасында ҚХА «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында Аналар кеңесінің Алғыс айту күніне арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында балалардың фотосуреттері мен суреттерінің көрмесі, қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді, түскен қаражат есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №4 арнайы мектеп интернатының оқушысы, ДЦП дианозы бар Әміржанов Әлиасқарға жұмсалды, сондай-ақ қайырымдылық концерт өткізілді. Ағымдағы жылдың 15 наурызында «Наурызама» онкүндігін мерекелеу аясында қайырымдылық акция өткізілді. Көкшетау қаласының Аналар үйінде балалар мен аналарға арналған ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесе отырып  «Балаларға жылу сыйла» акция барысында мерекелік үстел мен естелік сыйлықтар ұйымдастырылды. Қайырымдылық-білектен, мейірімді іс-жүректен! 15 наурыз-Қайырымдылық күніне орай да талай ізгілікті шараларға ұйытқы болдық. Ерейментау ауданының еріктілері аз қамтамасыздалған бір отбасын қуантып азық-түлік табыстады. «Батагөй»  тіл мәдениетін дамыту, қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу мақсатында  Аналар кеңесі мен «Инклюзивті ата-аналар» бірлесе отыра  Наурыз мерекесіне орай «Наурыз бата» челленджін ұйымдастырды. Ақмола облысының Аналар Кеңесі Ақмола облысының Халық Ассамблеясы және Инклюзивті ата-аналар қорын қолдап келеді. Су тасқыны кезінде де ҚХА қарап отырмағанын атап өттім. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» ауқымды акциясы, жұртқа жан-жақты көмек беру мақсатында құрылған республикалық және аймақтық штабтарының құрылып, су тасқыны кезінде де елден қалыс қалмай, бел шеше кіріскен еңбектері, апат болған аймақтарға жөнелтілген  1 500 тоннадай азық-түліктің де жиналуына зор үлесі бар. Су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылып, олар қайырымдылық және гуманитарлық көмек жинауға жұмылды. Жалпы қай жағынан болса да Аналар кеңесінің қоғамға берері мол!

Әңгімеңізге рахмет, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Қуаныш Ермекова

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....