Ана тілің — арың бұл

Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол — ұлтымыздың анасы. Тіл –қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Тіл — ұлттың жаны.Ал ұлттың болашағы-оның ана тілі. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.

Әр халық өз тілін дамытып, жұмыс жасауы керек. Қазақ тілі өзінің даласындай бай.Біздің мемлекеттік тіл – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады.

Біздің елімізде мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді.Тілімізге байланысты соттарда көптеген іс-шаралар мен байқаулар өткізілуде.Мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың қатары да көбейіп келеді.Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Біздің міндетіміз – тілімізді барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту.Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. Қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

Мемлекеттік тіл мәселесіндегі бағытты шынайы қолдап, жүзеге асыратын болсақ, алда еліміздің ұлттық нышаны мен келбетін ажарландырып, қазақстандық патриотизмді, елдігімізді асқақтата түседі. Тілімізді сүйейік, тілімізді бағалайық және құрметтейік! Ана тілі – дана және мәңгілік ұстазымыз.

 Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық

 бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған

 ауданаралық сотының кеңсе бас маманы

Ә. Мұхитқызы

«Жатырған» сөзінен құтылатын уақыт келген шығар…

Тіл – ұлттың жаны. Ақпарат ағыны көз ілеспес жылдамдықпен...

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...

Ата Заң – айбынымыз

Ата заң – мемлекеттің негізгі әрі ең жоғары заңы....

СОТ АШЫҚТЫҒЫ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен тұрақты дамуының басты...