12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ана тілім — мақтанышым

Мемлекеттік тіл — елдің халқын, бірнеше ұлттың басын қосатын, біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, патриоттық сезім ұялататын бірден-бір құрал.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, қатаң бақылауға алынып отыр. Өйткені, еліміздің егемендігін алғалы міне 30 жылдан астам уақыт өтсе де тіл мәселесі әлі де мәз емес десе болады.

Сот саласындағы құжат айналымы бойынша мемлекеттік тіліндегі үлесін анықтау мақсатында кіріс, шығыс, ішкі құжаттар бойынша соттармен мониторинг пен талдаулар жүйелі түрде жасалынып, есеп беріледі.

Тақырыпқа сәйкес, статистикаға тоқталатын болсақ Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылдың 4 айында кіріс құжатының мемлекеттік тіліндегі үлесі 60%-ын ғана құраған, бұл көрсеткіш әрине көп емес, яғни кіріс құжаттың 40%-ға жуығы ресми тілінде деген сөз.

Келтірілген статистикаға сәйкес, сотқа ресми тілінде келіп түсетін кіріс құжаттар көбінесе азаматтық істер бойынша арыздар, талап арыздар, іске қатысты құжаттар болып табылады. Оның басты себебі – адвокаттардың көмегіне жүгінген азаматтарға сотқа өткізу үшін арыздар мен талап арыздардың ресми тілінде әзірлеп, дайындап беруі.

Айта келе, әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда қызмет істейтіндердің барлығы мемлекеттік тілді білуге міндетті деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмесі анық.

Жалпы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді жандандыру саясатын қолдай отырып, сотпен мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру, мақсатында басқа да органдардың, мекемелердің қатысуымен іс-шаралар өткізіліп, сот қызметшілерінің және баспасөз қызметінің мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалары БАҚ-нда жарияланып тұрады. Бұл өз кезегінде құжат айналымындағы мемлекеттік тіліндегі үлесінің көрсеткішін көбейтуіне ықпалын тигізеді деген ойдамын.

Қорыта келе, мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру өз қолымызда екенін ұмытпаған жөн.

Жалпы, мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі, бәрімізге ортақ тіл. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы екенін ескере отырып, қазақ тілі — еліміздің барлық азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болатынына сенемін.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Айым Байманасова

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

Нәзік жандылардың құқығы әрқашанда қоғам назарында

Қазақ халқында нәзікжандыларға деген құрмет ежелден жоғары. Ата-бабаларымыз қыз...

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің рөлі

Тарихтың қатпарлы беттерін парақтасақ, қаншама тар жол, тайғақ кешулерден...

Тәуелсіздік – тұғырым!

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік...

Сотрудники УИС почтили память жертв декабрьских событий

В учреждении максимальной безопасности ДУИС по области Абай в...