Ана тілің – арың бұл

Елдігіміздің басты белгісінің бірі — мемлекеттік тіл екені анық. Алайда, еліміздің егемендігін алғалы міне 30 жылдан астам уақыт өтсе де тіл мәселесі әлі де жақсы көрсеткішті қалап отырған жайы бар.
Қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, қатаң бақылауға алынып отыр.
Мәселен, сот саласындағы құжат айналымы бойынша мемлекеттік тіліндегі үлесін анықтау мақсатында кіріс, шығыс, ішкі құжаттар бойынша соттармен мониторинг пен талдаулар жүйелі түрде жасалынып, есеп беріледі.
Айта келе, әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда қызмет істейтін қызметкерлердің барлығы мемлекеттік тілді білуге міндетті деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмесі анық.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді дамыту саясатын қолдай отырып, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен мемлекеттік тілді жандандыру, тұғыры мен мәртебесін көтеру, мақсатында басқа да органдардың, мекемелердің қатысуымен іс-шаралар өткізіліп, сот қызметшілерінің және баспасөз қызметінің мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалары БАҚ-нда жарияланып тұрады. Бұл өз кезегінде құжат айналымындағы мемлекеттік тіліндегі үлесінің көрсеткішін көбейтуіне ықпалын тигізеді деген ойдамын.
Әсіресе сотпен адвокаттардың қатысуымен іс-шаралар жиі өткізілуде. Өйткені адвокаттар сотқа арыздар мен талап арыздарды көп жағдайда ресми тілінде өткізеді. Мәселен, сотқа жүгінуші азаматтар көп жағдайда адвокаттардың көмегіне жүгінеді. Ал адвокаттар өз кезегінде сотқа жүгінуші азаматтарға арыздар мен талап арыздарды дайындап береді немесе дайындау барысына қатысып, кеңестерін береді. Яғни, сотқа жүгінуші азаматтар ресми тілін білмесе де адвокаттардың кеңесі бойынша арыздар мен талап арыздарды ресми тілінде өткізетін жағдайлар кездеседі.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген сөз бар. Жалпы, мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру өз қолымызда және біздің ортақ жауапкершілігіміз деп білемін.
Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі, бәрімізге ортақ тіл. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы екенін ескере отырып, қазақ тілі — еліміздің барлық азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болатынына және мемлекеттік тілдің болашағы зор екеніне сенімдімін.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Әсел Жақсылыққызы.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...