Ана мен бала сағынышы

№79 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сотталған азаматшаларға отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында тағылымдық шара ұйымдастырылды. Арнайы бұйрыққа сәйкес балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бала туған күніне орай анасымен кездесті.
Бұл игі бастама – сотталған азаматшалардың қоғаммен байланысын сақтап, аналық мейірімін жоғалтпауына және тәрбиелік тұрғыдан оң бағыт алуына ықпал етуге бағытталған.
Кездесу барысында баласы туған күнін анасымен бірге атап өтіп, сағынышқа толы қуанышты сәттерге бөленді. Ана үшін бұл – ең қымбат сый, бала үшін – аналық махаббат пен қамқорлықты сезінудің айрықша мүмкіндігі болды.
Мекемеде мұндай іс-шаралардың өткізілуі сотталған азаматшалардың түзеу жолына түсуіне, отбасы құндылықтарының маңызын ұғынуына және қоғамға бейімделуіне үлкен септігін тигізеді.
Ана мен бала арасындағы байланысты сақтау – мемлекетіміздің гуманистік саясатының бір көрінісі.

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...

Состоялся творческий конкурс «Лучшая стенгазета»

В женской колонии уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялся...

Семей колониясында үздік психологиялық қабырға газеті байқауы өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №19 мекемесінде жазасын өтеп...