Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кетті — Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кеткенін айтып, бірқатар тапсырма берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кетті. Бұл шұғыл шаралар қабылдауды және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізуді талап етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін көрсетуге ерекше назар аудару қажет.

Өңірлермен бірлесіп, заманауи перинаталдық орталықтар салу, балалар ауруханаларын қазіргі заманғы диагностикалық және оңалту жабдықтарымен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдау қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мәселені шешу бойынша тапсырма берді.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты халықтың тарапынан түсіп жатқан арыз-шағымдар көп. Бірінші кезекте, дәрігерлік көмектің көлемі жеткіліксіз деп шағым айтып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, биылғы жылғы 1 қарашаға дейін оларды қаржыландыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын», — деді Смайылов.

Оның айтуынша, кадрлық әлеуетті нығайту үшін республикалық бюджет есебінен еңбек нарығына ең қажетті мамандықтар бойынша жыл сайын резидентураның білім беру гранттарын бөлу көзделген.

«Өңірлер де өз гранттарын ұлғайтуы тиіс. Бұл медицина кадрларының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді», — деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов денсаулық сақтауды цифрландыру мәселесі де маңызды екенін атап өтті. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.

«Барлық шаралар халыққа көрсетілетін қызметтердің жеделдігін, пациенттердің деректер базасының құпиялылығы мен сақталуын жақсартуға бағытталуы тиіс. Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, медициналық ақпараттық жүйелерді біріздендіру мен интеграциялауды қамтамасыз ету керек.

Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірлесіп, осы жылдың қараша айында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын келісуді және бекітуді қамтамасыз етуі қажет», — деді ол.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...