Амнистиямен босатылған азамат зауытқа орналасып, адал жұмыс істеп жүр

Тағдырдың тура жолынан тайып, қылмыс жасағандарды қоғамға қайта пайдалы адам ретінде қайтарудың бірден бір тиімді жолы – жұмысқа орналастыру. Бұл орайда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-нің қауіпсіздігі барынша төмен №13 мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Мекемедегі сотталғандардың басым бөлігі бүгінгі нарық заманында табыстың көзін таппай әртүрлі қылмысқа ұрынып, бас бостандығынан айырылғандар. Осыны ескерген мекеме әкімшілігі қаладағы кәсіпорын басшыларымен келіссөздер жүргізіп, сотталғандарды жұмыспен қамтуда. Мекеме әкімшілігінің осындай жұмыстарының нәтижесінде бүгінде 30 сотталған Алматы қаласындағы автоклавты газдалған бетон блок шығаратын «Автоклав kz» заводына жұмысқа орналастырылған.
Жуырда ҚР Конституциясының отыз жылдығына орай қабылданған “Рақымшылық туралы” заңының талаптарына сай аталған мекеменің сотталғандары бостандыққа шығуда. Солардың бірі «Автоклав kz» заводында жұмыс істеп жүрген Ерхан деген азамат. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 193 және 147 баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін үш жыл алты айға сотталған болатын. Еркіндікке шыққан соң да завод басшылығы Ерханның өзі еңбек етіп жүрген цехтағы жұмысын жалғастыруға ұсыныс жасап, ол қазір еселі еңбектің үлгісін көрсетіп жүр.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...