12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қамаудағыларға 125 құқықтық көмек көрсетілді

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы №68 мемлекеттік мекемесіндегі заңгер маманы Асқар Мұратбек өз қызметіне келгелі бері 3 ай көлемінде біраз іс тындырды.

Атап айтсақ, мекеме қамауындағыларға 120 жеке қабылдау мен 5 оқу дәрісін өткізіді.

Бұл жұмыстар, тергеудегілер мен сотталғандардың өтініштері негізінде өткізілген жеке қабылдаулар.

Жеке қабылдау кезінде азаматтар мекеме заңгеріне өздерінің қылмыстық, азаматтық істері, аппеляциялық шағымдары, прокурордың өтініш хаттары бойынша сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алып отырады.

Ал өткізілген дәрістерінде ҚР ҚК – нің 55 бабы « Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау» бойынша және қылмыстық кодекстің міндеттері мен осы кодексте қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндірді.

Сондай-ақ, өтініштері негізінде заңгер Асқар Мұратбекұлы АХАЖ бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, 7 азаматқа неке куәлігін алып берді.

Бұдан бөлек 30- ға жуық сенімхат дайындады. Бұл сенімхаттар істі болғандардың атындағы жылжымайтын мүліктер: үйі, жері мен көліктері мен мүгедектігін алу және кредиттері бойынша дайындалған құжаттар.

Заңгер қызметтік міндеттемесі негізінде жеке құрам және мекеме жұмыстары бойынша шығарылған бұйрықтар мен жасалынған келісімшарттардың заңдылығын да ұдайы қадағалап тексеріп отырады.

Қазіргі уақытта мекемеде жыл басынан ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес 183 келісімшарт жасалынды.

Заңгерлік жүктелген міндетіне сәйкес, Асқар Мұратбектің тікелей қатысуымен 1 талап арыз бойынша сот инстанциясында № 68 мекемесінің мүдделерін қорғау жұмыстары жүргізілді.

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...