Қалыңдық пен күйеу жігітті тастап кеткен: Таразда полицейлерді көрген қонақтар мейрамханадан қашқан

Таразда мобильді топ 80 адам қатысқан үйлену тойының үстінен түскен. Той қонақтары жауапкершіліктен қау үшін қалыңдық пен күйеу жігітті тастап, кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Мобильді топтардың бірі облыс орталығында 80 адамға арналған үйлену тойын анықтады. Мобильді топ бірден келіп, қонақтарды шошытты, олар залда қалыңдық пен күйеу жігітті қалдырып, қарбалас күйде кетуге асықты», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция қаладағы кафелердің бірінде сегіз адамнан тұратын ерлер компаниясы отырғанын айтты. Жазадан жалтару үшін ер адамдар мекемеден кетуге тырысты. Бұл ретте қашуға мекеме әкімшілігі көмек көрсеткен.

Дегенмен, «қашу операциясына» қарамастан, полицейлер тәртіп бұзушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараларды ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

Цифровизация и контроль 

С 2026 года казахстанский бизнес работает по новым правилам....

Запрос на справедливость

ОБСУЖДЕНИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ АМНИСТИИ В МАЖИЛИСЕ ВЫШЛО ЗА РАМКИ ГУМАНИЗАЦИИ...

Современные образовательные подходы

АКАДЕМИЯ ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ В РАМКАХ РАЗВИТИЯ МЕЖДУНАРОДНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА ПОДПИСАЛА...

Энергия добра

В ЮЖНОЙ СТОЛИЦЕ КАЗАХСТАНА ВОЛОНТЕРСКОЕ ДВИЖЕНИЕ СРЕДИ ПРОАКТИВНОЙ МОЛОДЕЖИ...

Символ семейного счастья 

БУКВАЛЬНО НЕДЕЛЮ НАЗАД В НАШЕЙ СТРАНЕ ЗАВЕРШИЛАСЬ ДЕКАДА ПРАЗДНОВАНИЯ...