«Алтын Орда» базарында қандай салық бұзушылықтар орын алғаны белгілі болды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Алтын Орда» базарына қатысты бірқатар бақылау шараларын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алтын Орда» базары аумағында сауда жасайтын 2993 тұлғаның кәсіпкер ретінде тіркелуі қамтамасыз етілді (оның ішінде ақпанда – 1371, наурызда – 1443, сәуірде – 179). Бұрын тіркелген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды есепке алғанда олардың саны 3324 субъектіні құрады. Бұған дейін базар аумағында 331 салық төлеуші ​​тіркелген болатын. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, базарды жалға алушы «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС мен базар иесі «ҚҰРЫЛЫС LTD» ЖШС — «Құрылыс LTD» ЖШС-не қатысты бақылау шаралары жүргізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджетке 1,5 млрд теңге сомасында салық төленді, оның ішінде «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС 1,4 млрд теңге салық төлесе, «ҚҰРЫЛЫС LTD» ЖШС — Құрылыс LTD 92,3 млн теңге бюджетке төледі. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша «ҚҰРЫЛЫС LTD» ЖШС және «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС-не камералдық бақылау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд.теңгеге хабарламалар берілді, олар бойынша салықтар 1,1 млрд теңгені құрады, 650 млн теңге.

Камералдық бақылау салықтық тексеру жүргізбестен мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалар беруін білдіреді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС мен «KURYLYS LTD» ЖШС — Құрылыс LTD ЖШС-не қатысты салықтық тексерулер жүргізілуде.

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...