«Алтын Орда» базары маңындағы жолайырық құрылысы қашан аяқталады?

«Қазавтожол» ҰК» АҚ «Алтын Орда» базары ауданындағы жол құрылысын аяқтау мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, құрылысшылар былтыр желтоқсанда «Алтын Орда» базары маңындағы үлкен көпір құрылысы аяқталғанын хабарлаған болатын. Алайда «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен шыға берістегі екінші жол өтпесі мен Райымбек ауылы маңындағы жаяу жүргіншілер өткелі аяқталмай қалды.

Қазір ол жерде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Алматы-Бішкек бағыты бойында орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қалаға шыққанда және кері қайтқанда тек айналма жолдармен қатынауға мәжбүр.

«Асыл Арман тұрғын үй кешені тұрғындарының Алматы қаласына қарай кедергісіз шығуы үшін «Алматы-Бішкек» автожолында «құбыр» үлгісіндегі жолайрық (18+700 шақырым) және Райымбек ауылына бұрылыстағы қосымша жаяу жүргіншілер көпірін (19+860 шақырым) салу үшін жеке жоба («Алтын-Орда» жобасына кірмейтін) әзірленді және 2020 жылдан бастап жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жолайрықтың жалпы ұзындығы 264 метр. Қазіргі уақытта жоба бойынша шарттық міндеттемелер орындалмауына байланысты мердігерлік ұйыммен шарт бұзылып, барлық өндірістік жұмыс тоқтады», — деді «Қазавтожол» өкілі.

Компания өндірістік рәсім аяқталғаннан кейін нысандағы жұмысты 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау үшін мердігерді анықтауға конкурс өтетінін айтты.

Еске салайық, жолайрық пен 10 жолақты тасжол Алтын Орда маңында 2017 жылдың күзінде салына бастаған болатын. Алматыдағы «Алтын Орда» базары маңындағы жолайрықта көлік қозғалысы 2021 жылдың 25 желтоқсанында ашылды.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.