Алтын көпір

Қазақстан көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру шеңберінде бес локомотивті Қырғызстанға өтеусіз тапсырды. Оны Қазақстан Үкіметі құрған дамуға ресми көмек саласындағы оператор саналатын «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты бұл ұйымы дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, реципиент елдерде даму мен тұрақты өсуге жәрдемдеседі, Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін ілгерілетеді, тәжірибе алмасуға және әртүрлі елдердің мамандары арасында байланыс орнатуға ықпал етеді. – Бұл қадам Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық қатынастарды нығайтатын дамуға ресми көмектің дәлелді мысалы, сондай-ақ инфрақұрылымдық бастамаларда KazAID қолдауының негізі болып табылады, – деді KazAID төрағасы Аркен Арыстанов. Оның айтуынша, көрші елге берілген бұл партияға қазақстандық Қаратаус, Жем және Шымкент теміржол станцияларынан шыққан екі маневрлік локомотив және үш магистральдық локомотив кірді. Қырғыз Республикасының «Кыргыз темир жолу» ұлттық компаниясы мемлекеттік кәсіпорнына берілген бұл локомотивтер Қырғызстан темір жолдарындағы жүк тасымалы мен маневрлікті едәуір жақсартуға, өңірдің одан әрі экономикалық дамуын қолдауға көмектеседі деп жоспарлануда.

Е.ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...

АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға,...