«Алтын белгі» үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді

Елімізде келесі жылдан бастап «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарабаев мәлім етті.

«Келесі жылдан бастап «Алтын белгіге» үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Олар келесі талаптарға сай болуы керек. Біріншіден, орта жалпы білім берудің білім беру бағдарламасына сәйкес 10, 11-сыныптарда оқу кезеңіне тоқсанда, бір жылда және қорытындысында «5» деген баға болуы керек. Сондықтан келесі жылы 10-11-сыныптарда тек жылдық және қорытынды бағалар ғана емес, тоқсандық баға да есепке алынады. Екіншіден, Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында жалпы орта білім беруді аяқтағаннан кейін «алгебра» пәні бойынша қорытынды аттестаттаудан өту қажет», – деді Жомарт Қарамбаев онлайн брифинг барысында.

Баяндамашы 2023 жылдан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер қалған төрт пәнді өздері оқыған мектебінде тапсыратынын атап өтті.

«Үшінші талап – үміткердің негізгі білімі туралы үздік аттестат болуы керек. Бұл 9-сыныпқа дейін үздік оқуы керек деген сөз», – деп түсіндірді Жомарт Қарабаев.

Білім және ғылым министрлігінің өкілі талаптардың күшеюі «Алтын белгіге» үміткерлер санына әсер ететінін, олардың саны азаюы мүмкін екенін, бірақ бұл жерде білім сапасы мәселесі бірінші орында тұрғанын айтты.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.