12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алқабилер сотының маңызы зор

Соңғы кездері қоғамда алқабилер сотына қатысты қызығушылық бары байқалады. Сондықтан олар туралы кеңірек ақпарат беруді жөн көрдік. Осы орайда атап өтер жайт, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында елімізде сот төрелігін жүзеге асыруға қоғам өкілдерінің кеңінен қатысуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен болатын. Жолдаудың бұл бағытын жүзеге асыру­дың бірегей жолы – алқа­билердің қатысуымен қаралатын істердің санын кеңейту. Бұл қадам сот жүйесін одан әрі ашық етіп, оған қоғамның се­німін арттыруға оң әсерін тигізбек. Сондықтан қазіргі таңда қоғамда алқабилердің қатысуымен өткізілетін істердің саны арттыруға көңіл бөлінуде.

Осыған орай Қылмыстық процестік кодекске тиісті өзгер­тулер енгізіліп, 2023 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап алқа­билердің қатысуымен қара­латын қылмыстық құқық бұзу­шы­лықтардың құрамы 14-тен 35-ке дейін артты.Енді олардың қатарына тек аса ауыр емес, ауыр және ауырлығы орташа санатқа жататын қыл­мыс құрамдары қосылды. Атап айтқанда, алқабилердің қа­ра­уы­на адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғатын және көбіне қоғамдық резонанс ту­ғызатын 13 қылмыс құрамы кірді. Олар: адамның дене мүшелерін заңсыз алу; азаптау; балық пен басқа да су жануарларын үлкен шығын кел­тіретін көлемде заңсыз аулау; заңсыз аң аулау; көлікпен абай­­сызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасын жасау; көлікті мас күйде басқарып, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасын жасау; көлік құралын басқару құқығынан айырылған және мас күйде көлік басқарғанда адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасын жасау; рейдерлік және медициналық қызметкердің әрекеттерінен абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу.

Ал­қабилер инс­титуты сот пен қоғамның жа­қын­дасуын қам­тамасыз етеді және сол арқы­лы халықтың сотқа деген сені­мі мен құрметін арт­тыруға сеп­ті­гін тигізеді, еліміздің азамат­тарының құқықтық деңгейі мен мәдениетін арттырады.

Н.Ж. Омарова, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының судьясы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...