Алматылықтар орта есеппен қанша жалақы алып жүргені белгілі болды

Алматылықтардың орташа айлық жалақысы 15,5 пайызға өскен, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

«Жылдық инфляция тамыздағы 8,6 пайыздан қыркүйектегі 8,3 пайызға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7 пайызға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6 пайызға дейін өсуінің төмендеуіне байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8 пайызға дейін, 2025 жылы — 6,5 — 7,5 пайызға дейін төмендейді деп күтіліп отыр», — деп хабарлады Алматының экономика басқармасы.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кірістер орта есеппен 22 пайызға 292 мың теңгеге дейін өсті (ҚР-9,2 пайызға 201,1 мың теңгеге дейін). Шын мәнісінде өсім 11,6 пайыз (ҚР-0,3 пайызға).

Орташа айлық жалақы 468 мың теңге болды (республика бойынша – 392,6 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 15,5 пайызға, нақты мәнде 5,7 пайызға өсті

2024 жылдың 9 айында 50,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 77,9 пайызы тұрақты.

Сондай-ақ Алматыда жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 8,1 пайыз өсіммен 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 8 пайыз және 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы, 2024 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеге дейін, 2025 жылы – 2,35 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.