12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматылық қыз келіншектер тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы заңның күшейтілуін қолдады

Кеше ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қоғамымызда көптен бері талқыланып, қабылдануын халық болып күткен заң болды десек артық айтқандық емес.

Осы орайда Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында мемлекеттік кеңесші Ерлан Тынымбайұлы мен қоғам қайраткері, мегаполистегі игі шаралардың ұйытқысы Динара Бердімұраттың ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шарада қоғамымыздағы белсенді қыз келіншектер заңның қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, нәзік жандыларға қатысты басқа да өзекті мәселелерді ортаға салды.

Алғаш дөңгелек үстелдің модераторы қоғам қайраткері Динара Бердімұрат жиынды ашып, аталмыш заңның өзектілігін ортаға салды.

«Ұлт жанашыры» Динара Бердімұрат «Енді отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары қылмыстық кодекспен қаралады. Құжатқа сәйкес, денсаулыққа қасақана ауыр не орташа зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды. Суицидке итермелегендер үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. 16 жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткендерді де бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Мұның барлығы елімізде әйел мен балаларға қамқорлықпен қарау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отырған шаралар. Сондықтан аталмыш заңның өз күшінде жұмыс істеуі үшін ел ішінде бұл заң туралы кеңінен ақпарат таратуымыз керек. Әрбір жәбір көрген әйел өзін қорғайтын заң барын ұғынуы тиіс» деді.

Келесі сөз алған Нейротрекер, қарым-қатынас эксперті, филология ғылымдарының pHD докторанты, ұлт жанашыры Жансая Ибраем да заңға қатысты өз ойын жеткізді. «Зорлық зомбылыққа қарсы…» тақырып аясында өткен дөңгелек үстел қазіргі таңда өте өзекті мәселелерді қозғап отыр. Ажырасу да күннен-күнге көбейіп бара жатыр. Нейротрекер маманы ретінде күніне бірнеше әйел адамның отбасылық қарым-қатынасындағы проблемалармен бетпе-бет келемін. Сол жерде жаға ұстатарлық жағдай әйелдер ажырасса ғана шешім табылады деп ойлағанында. Басқа шаралары қалмаған, не істерлерін білмей, баланы жетектеп кетіп қалғысы келетіндер өте көп. Сәл қит етсе, жұдырығын көтеріп шыға келетін еркек пен оған шыдамы таусылған әйел адам көбейіп жатыр. Мына заң дәл осы мәселеге сәл де болса тоқтау болары анық. Алайда бір отбасында қол көтермей-ақ та шешім шығаруға болатынын көрсететін қоғамдық жұмыстар да қатар көбею керек деп ойлаймын. Осы шараны ұйымдастырған Динара Бердімұрат ханымға рақмет» деді.

Одан соң сөз алған алматылық белсенділердің бірі Ел Жанашыры , “Намыс “ төс белгісінің иегері, меценат, қоғам қайраткері Зәмзагүл Асанова «Қазіргі уақытта қоғамнын қарыштап дамуына қарамастан отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттері тыйылар емес. Адамдардың құқығына қол сұқпаушылық,  құқын бұзатын бір адамнын екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі, түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау, денсаулыққа зиян келтіру, қорқыту, психикасына тіпті жынданып кетуін тудыратын жолымен ықпал ету және тағы басқа зорлық-зомбылық қолдану арқылы жасалған іс-әрекеттер — зорлық-зомбылық дегеніміз осы. Бәріміз күткен тұрмыстық зорлық-зомбылық тұралы заңға қол қойылды. Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын енгізілген нормалары:

денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды.

Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды;

неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған;

отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті болады;

тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді;

өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;

16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды;

кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді;

білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті;

16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды. Заң қол қойылған күннен бастап өз күшіне 60 күннен соң күшіне енеді. Әрине бұл әйелдер мен балалар мәселесіне тиісті болғанымен біз әйелдер бір қолымен бесік тербетсек бір қолмен әлемді тербетеміз деп, біздің ер азаматтарымыздың беделін түсірмей құрметімізді жоғалтпай, өскелең ұрпағымызға дұрыс тәрбие беріп, жұмыла еңбек етіп, зорлық-зомбылықсыз әлемді бірге құруға бәріміздің де атсалысып жұмыла еңбек етіп, әдемі іс әрекеттер жасасақ бұндай мәселелер азаяды деп сенемін. Отбасыдағы зорлық-зомбылық мәселесі – әйел құқығын бұзатын құбылыс қана емес, сондай ақ, өскелен ұрпаққа тәрбие беруге кері әсерін тигізетін құбылыс. Демек қоғамда болып жатқан дүниелердің барлығы отбасынан бастау алады. Ұлы бабамыз Әбу Насыр Аль-Фараби «Тәрбиесіздік -ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам әміріне апат әкеледі» деген болатын. Біз – тұғыры биік, тәрт керегесі тең, егеменді елміз, қылығы таза қыз бен арғымаққа мінер ұл өсірген халықпыз. Осыны жоғалтып алмайық» деді.

Дөңгелек үстелдің қатысушыларының бірі Q-line және Koral компаниясының негізін қалаушы, қыз-келіншектердің сапалы әрі пайдалы отандық косметика қолдануын қамтамасыз етіп жүрген бизнес леди Жайнар Айтжанова да өз ойын ортаға салды. Сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын. Және бүгін айиып жатқан пікірлеріңізбен толықтай келісемін. Өз басым зорлық-зомбылыққа өте қарсымын. Осы соңғы елде болып жатқан жаңалықтарды менің Кореядағы, Араб елдеріндегі серіктестерім көріп, маған жазып жатыр. Серіктестеріме не айтарымды білмей ұялып қалдым елімде болып жатқан жағдайлар үшін. Менің өзімнің 3 балам бар. Кореямен, Япония, Қытай елдерімен тығыз жұмыс жасаймын. Ол жаққа барғанда шындығында олар қазақ әйелдеріне таң қалып жатады. Сендер қалайша, қазақ әйелдері баланы да өсіріп, тәрбиелеп, жұмыс жасап, ақша тауып, оған қоса сырттан келген қысымға да шыдап жүресіңдер. Басқа елдердің әйел адамдары бұның бәрін бірге алып жүре алмайды сіздер сияқты деп таң қалып жатады. Шынында да , біз қазақ әйелдері баланы да бағып, жұмысты да жасап, келіндік қызметтерді де атқарып, оған қоса қайын әпке, қайын ағалардың көңілін табуға тырысып жатамыз. Менің отасқаныма 14 жыл болыпты. Әрине бізде де отбасылық өмірімізде қиын кездер болды. Оның бәрі әйел адамға қатысты деп айта алмаймын. Бірақ, отбасының берік болуына 60-70% әйел адамның ақылдылығына байланысты деп ойлаймын. Егер әйел адам ақылды, өз-өзін дамытқан, өзінің табысы қоғамда өзіндік орны да бар болса оған біреу артық сөйлеуден, артық тиісуден аяғын тартады деп ойлаймын. Өзім қазақтың кәсіпкер қызы  ретінде айтарым: қазір күйеуім бағуы керек деп қарап отыратын заман емес. Әйелдерге кеңес ретінде айтқым келетіні: күйеуіңіздің көңілін аулап қоюға тырысыңыз. Ер адамдарда әйел адамнан көңіл күтеді. Сол себепті әйелдік қулыққа басу керек. Әйелдің ақылдылығы ғой негізі, отбасын ұстап тұратын. Сондықтан, бірінші кезекте: жар таңдағанда асықпай, ойы сізбен бір жерден шығатын адамды табыңыз. Сол кезде отбасы қандай қиындық болса да бірге төтеп беретін болады деп ойлаймын» деді.

          Дөңгелек үстелдің тағы бір қонағы Буданова Айжан Нұржанқызы да заңның маңыздылығына тоқтала келе тұрмыстық зорлық зомбылыққа орай өз ойын білдірді. «Біріккен ұлттар ұйымының ақпаратына сәйкес, әлемде әрбір үшінші әйел күш көрсету немесе жыныстық зорлыққа ұшырайды екен. Қазақстанның өзінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен жасөспірімдердің қатары ұлғайып келеді. Құқық қорғаушылар Қазақстанда «барлық деңгейде фемицид барын» айтады. БҰҰ есебінше, жыл сайын Қазақстанда 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады. Ал елде әйелге қарсы зорлықзомбылықтан соң қозғалған істердің 40 пайызы ғана сотқа жетеді екен. Қазіргі таңда қоғамдағы әйел орыны жоғарылап келеді. Әйел – отбасының ұйытқысы, әрі берекесі. Әйел адамның қоғамдағы рөлі зор! Ұлы жазушымыз, ғұлама ғалым М.Әуезов «Ел-болам десең, бесігінді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақылы бар. Бұл сөздің астарында: Бесік сөзі – тәрбиең ұлттық, мәйекті болсын дегені. Осы міндетті ұстаз бен ата-ана бірлесіп айдарлы ұл, қылықты қыз тәрбиелеу заман талабы! Қоғамда болып жатқан зорлық -зомбылық әйелді құл санау, адам қатарына қоспау фактілері бар! Неге? Не себеп? Дәстүр ма? Қоғамда болып жатқан  ер мен әйелдің келіспеушілігі зорлық көру, ажырасу бұған не себеп?! Себеп пен салдарына қарасаң … Әйел жаратылысынан нәзік, қауһарсыз болып келеді. Отбасы құрғаннан кейін бір отбасыны бақытты етсем деп келеді! Бақытты етсем деп емес, бақытты боламын деген көзқарас дұрысырақ болар. Еркектер қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады? — деген ұғымды да түсінер емес! Жақсы әйел, жақсы жардан, жақсы қарым — қатынастан шығады. Жаман әйел, зорлық зомбылық көрген отбасыдан шығады!  Қазіргі кезде өрімдей жас қыздарымыздың да ар намысы тапталып келеді. Бұған сарапшылар қысқа киім, жеңіл жүрістен деседі! Бірақ 3 айлық сәби мен 8 жастағы бүлдіршіндерді бұл санатқа жатқызуға бола ма?! Демек киімнің де, жүрістің де қатысы болмай тұр! Бұл адамның азғындығы. Қатаң заң мен құқықтар бар кезде мұндай өрескелдіктің алдын алар едік. Жастар мен бүлдіршіндер біздің болашағымыз! Сондықтан олардың құқығын қорғауда бұл заңның маңызы зор» деді.

Алматы облыстық мәслихатының депутаты Молдашева Меруерт «Қоғамымыздың әрбір мүшесі өзін қауіпсіз сезінуі керек. Әсіресе әйелдер мен кәмелетке толмаған балалардың жәбір көруі біздің елімізде адам құқығының аяқасты екенін көрсетеді. Осы орайда заңға енгізілген өзгерістер осы олқылықтың орнын толтыратыны қуантады. Әсіресе педофилдердің бас бостандығынан өмір бойына айрылуы бұл қылмысқа тосқауыл қоярына сенемін. Өйткені қылмыстың өтеуі жаза. Ал жаза қатаңдаған сайын адам құқығы қорғалу деңгейі арта түседі. Осы тұрғыдан келгенде Бұл дер кезінде қолға алынған заң болды» деп ойлаймын деді.

Алматылық тағы бір белсенді, жоғары дәрежелі дәрігер Аида Арыстанова «Заңда айтылғандай адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Яғни, әйелдерге, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық жасаған адамға тиесілі жаза тағайындау  көзделген заң жобасы көпшілік талқылауында. Біраз жан қос қолдап қолдаса, кей жандар бұл заңға наразы. Әйел мен баланы басымызға шығаратын болдық. Бұрын сыйламайтын әйелдер заң деп қорқытатын болды десе, ал кей жандар  біздің дауысымыз да естілді деп қуануда. Әрине, бұл заңға келісемін. Деседе, жаңа айтқандай заңға сүйену тиіссіз жанжалға ұласпаса екен. Бұл мәселеге өз басым бір жақты қарамаймын. Өйткені, таяқтың екі ұшы бар. Бұл жерде әйелдің де даналығы керек. Әйелдің қаруы — тіл, еркектің қаруы — жұдырық емес, даналық болса, бұндай жағдайлар болмас еді. Егер әйел дана болса, ойланып сөйлейді, еркек дана болса, әйеліне қол көтермейді. Әйелді айқаймен, күшпен басқару береке бермейді. Өз басым әйел адам болғандықтан  әйел адамдарға, сіңлілеріме үндеу айтқым келеді. Әйел адамның ақылдылығы отбасында біраз нәрсені шешеді. Соншалықты жауыз, санасыз болмаса, кез-келген еркектің мейірімін оятатындай айла әр әйелде бар. Соны ояту керек шығар. Кезінде Құнанбайдай билігі жүріп тұрған, әр сөзі заң болған тұлғаларды жары қалай сыйлаған?! Қатал деп қарсы тұрып, орынсыз ұрыс-керіс болып жатқан жанұядан Абайдай ұлы тұлға туылар ма еді?! Бұл жерде де әйел-ананың даналығы мен ер адамның мысының ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлесі бар екенін тарих дәлелдеп тұр. Сондықтан, кім болса да өз басының жеңісін, нәпсісін емес, отбасының берекесін ойлауы да керек секілді» дейді.

Кеше ғана қабылданған заңға орай қоғамымыздағы қыз келіншектер осылай дейді. Еліміздегі азаматтардың құқығының қорғалуын жаңа бір деңгейге көтереді деп күтіліп отырған жаңа құжат сол үмітті ақтағай!

ЖОО-на оқуға түсуге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ҮкіметАппаратының басшысы Г.Т. Қойшыбаевтың...

Джи-джитсудан әлем чемпионы Тлеуметов Ерлан Канатович жазалы жасөспірмдермен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Проведен субботник у реки Большая Алматинка

По инициативе прокуратуры Алмалинского района, совместно с районным акиматом...

Как сохранить детское зрение

Чтобы сберечь зрение ребенок должен больше двигаться, заниматься спортом...

Үлкен Алматы өзені бойында сенбілік ұйымдастырылды

Алмалы ауданы прокуратурасының бастамасымен, аудан әкімдігі және пробация бөлімімен...