Алматылықтардың табысы 2030 жылға қарай 360 мың теңгеге өседі

Алматы халқының табысы 2030 жылға қарай 360 мың теңге болмақ. Қала әкімдігі мен қаланы дамыту орталығы «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» жобасын көпшіліктің талқылауына ұсынды. 

Билік Алматы үшін қазіргі негізгі сын-қатерлерді атады. Бірінші кезекте урбандалу мәселесі бар. Алматы халқының саны жылдам өсіп келеді. Бес жаңа алматылықтың үшеуі сырттан келгендер. Одан бөлек, қалаға күнделікті 400 мыңнан астам адам кіреді. 

Сондай-ақ Алматыда қан айналымы жүйесінің аурулары басқа өңірлердің деңгейінен 2,3 есе жоғары екені атап өтілді. 
Қалада әлеуметтік қызметтерге сұраныс жоғары. Оның ішінде: мектептерде 19,6 мың орын тапшы болса, мемлекеттік емханалар желісінің 60%-дан астамына 1,7 есе шамадан тыс жұмыс жүктелген.

Экономика да ақсап тұр. 2015 жылдан бері халықтың нақты табысы небәрі 2%-ға өскен. 380 мың немесе ересек алматылықтардың 25%-і әлеуметтік медициналық сақтандыруға қол жеткізе алмайды. Сонымен қатар, елдегі әрбір бесінші жұмыссыз жас Алматыда тұрады (14,4 мың адам). 

Одан бөлек, жобада қаладағы кептеліс пен қоғамдық көлік, атмосфераның ластануы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері көтерілген. 

Жергілікті билік жан басына шаққандағы ЖӨӨ-ні (жалпы ішкі өнім) 2025 жылға қарай 20 мың доллардан, ал 2030 жылға қарай 28 мың доллардан асыруды көздеп отыр. 2030 жылға қарай қала тұрғындарының орташа табысы 2 есе, айына 360 мың теңгеге дейін өсуі керек. Сол уақытқа дейін тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 72 жастан 79 жасқа дейін өседі деп күтілуде. 

Атмосфераға зиянды заттар 1,6 есеге дейін, яғни 127 мың т-дан 78 мың т-ға дейін төмендеуі тиіс. 

Қоғамдық көліктегі күнделікті сапарларды 1,6 есеге, яғни 2,3 млн-ға дейін ұлғайту, қылмыс деңгейін 2 есеге төмендету (150 қылмыс/10 мың адамға дейін) жоспарланып отыр. 

Тұрғындардың басым бөлігі қоғамдық көлік қызметіне қанағаттанбайды. Осы орайда 2025 жылға дейін: 

Паркті 800 автобусқа жаңарту (400-і коммуналдық және 400 жеке тасымалдаушыдан);

Маршруттарды оңтайландыру, автобустарды газға және электр тартымына ауыстыру, жаңа тарифтік саясатты енгізу;

5 радиалды және 4 ішкі магистральдық көшені ұзартуды аяқтау, Қалқаман метро станциясын іске қосу; 

Газбен жүретін автобустар үшін 2 парк (Шығыс, Батыс) және 5 газ құю бекетін салу; 

Магистральды автобустар мен такси үшін 40 км жаңа бөлінген қалалық желілердің, сондай-ақ шағын қозғалысты дамыту аясында 60 км жаңа веложолдар құрылысы;

200 жаңа троллейбус сатып алу мен түйісу желісін жаңғырту есебінен паркті жаңарту;

Заманауи форматтағы 200 аялдама құрылысы жұмыстары жоспарланып отыр. 

2030 жылға дейін батыс бағыттағы метроның үш бекетін іске қосу, сондай-ақ, Төле би көшесінің бойымен «Алматы арена» мен «Халық аренаға» қарай жеңілрельсті трамвайды іске қосу ойда бар.
Толық жоспармен мына жерден таныса аласыздар. 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...