12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 85 млрд теңгеден асты

2017 жылдың 1-шілдесі мен 2020 жылдың 2-қарашасы аралығында Медициналық сақтандыру қорына 446,7 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады

«Жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 2-қарашасына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 85,5 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 70,6 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 14,9 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынцша еңбек ететіндерге тиесілі», — деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев

Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 194 мыңнан астам адам 330,4 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.

 

МСҚ Алматы филиалының баспасөз қызметі

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...

Игры без правил

К НОВОМУ ГОДУ МЫ ПРИВЫЧНО ЖДЕМ ЧУДА, ПРИЯТНЫХ ПОДАРКОВ....

Регион высоких стандартов

КОСТАНАЙСКАЯ ОБЛАСТЬ СТАЛА ГЛАВНЫМ ИНДУСТРИАЛЬНЫМ ДРАЙВЕРОМ СТРАНЫ, ОБЕСПЕЧИВАЯ ЧЕТВЕРТЬ...

Без рисков и угроз

Впереди – самый яркий и волшебный праздник с фейерверками,...

Справедливые суды – основа правового государства 

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СУДЕБНАЯ СИСТЕМА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗАМЕТНО ПРЕОБРАЗИЛАСЬ,...