12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматылықтар сақтандыру пакеті шеңберінде 37 млрд теңгенің қызметін пайдаланды

Биылғы жылдың 9 айында Медициналық сақтандыру қоры оңтүстік астана тұрғындарына МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін 37 млрд теңгеге жуық қаржы төледі. Бұл туралы бүгінгі брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Филиал басшысының сөзіне сүйенсек, оның басым бөлігі – 19,4 млрд теңгеcі стационарда көрсетілген медициналық қызметтерге тиесілі.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген алғашқы 9 айда көрсетілген медқызмет көлемінің артқанын аңғаруға болады. Бағасы қымбат анализдер, халықтың қалтасы көтере бермейтін диагностика мен операция түрлері жыл басынан бері сақтандыру есебінен көрсетіліп жатыр», – деп атап өтті Тілеухан Әбілдаев.
Карантин кезінде сақтандырылған алматылықтар бағасы қымбат болып келетін медициналық қызметтерді жиі пайдалануға мүмкіндік алды. Қаржының 6,5 млрд теңгесі халық тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отырған консультативтік-диагностикалық қызмет түрлеріне төленді. Мәселен, өткен 9 айда 30 265 КТ/МРТ қызметі көрсетілген. Оған 391,5 млн теңге төленді. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,5 есе көп. Сондай-ақ, сақтандырылған тұрғындар карантин кезінде 556,9 млн теңгеге ПТР-тест тапсырды.
5,9 млрд теңгеден астам қаражат жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын медициналық қызметтерге, 2,2 млрд тенге стационарды алмастыратын көмекке жұмсалған.
Қалған қаражат профилактикалық тексерулерге, медициналық реабилитация және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом үшін төленді.
Естеріңізге сала кетсек, азаматтар белгілі бір медициналық қызмет көрсетілмеген жағдайда Қордың 1406 байланыс орталығына хабарласа алады. Сондай-ақ, өтініштер мен шағымдарды МСҚ Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы да қалдыруға болады.

 

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...