Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Қалалық ТЖД 15 мамырда бұршақ жауатынын ескертті. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыз ауа райы кезінде ғимараттар мен орын-жайларда болу сұралады. Сондай-ақ, көліктерін, мейілінше ағаштардың астына қалдырмау ескертілді.

Туристерге тауға саяхаттау жоспарын кейінге қалдыру сұралады, таулы аймақтарда да ауа райы мінез танытып, қолайсыздықтар туындайды деп күтіледі.

«112-ден» түскен хабарландыру мен бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың ескерту түріндегі хабарламаларын назардан тыс қалдырмаңыздар! Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...