Алматылықтар 42 мемқызметті бір жерден ала алады

Алматыдағы Достық даңғылында Әлеуметтік қызметтер үйі ашылады. Бұл жерде алматылықтар «бір терезе» қағидасы бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет түрін ала алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік қызметтер үйінің бірінші қабатында әлеуметтік әл-ауқат, тұрғын үй саясаты басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация, көші-қон полициясы, БЖЗҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының қызмет көрсету аймағы орналасқан.

Жоғары қабаттарында салалық басқармалар орналасады.

Орталықтың ашылу күні әлі нақтыланбады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, әзірше ғимарат қалпына келтіру сатысында.

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетік

Сот жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...