Алматылық ортопедтер жоғары технологиялық ота жасады

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жол апатына ұшыраған 54 жастағы ер адам түсті. Дәрігерлер оған «жамбас сүйектің қозғалып, перипротезді сынық» деген диагноз қойды, деп хабарлайды ОҚКА баспасөз қызметі.
Ортопедия бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Саламат Тойымбетованың айтуынша, пациентке шұғыл ота қажет болған. Себебі тез арада көмек көрсетілмесе ұсақталып кеткен сүйек жаңқалары қан тамырларын және жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін еді.
Ақылдаса келе доцент Қайрат Оразалиев бастаған ортопедтер командасы оған жоғары технологиялардың көмегімен күрделі ота жасады. Күрделі операция алдында науқас томографиялық тексеруден өткізіліп, хирургиялық ем-дом жоспары жасалды.
«Бұған дейін бірнеше рет операция жасалған, салдарынан сүйектің анатомиясы бұзылған. Сол себепті операция өте күрделі болды. Оған қоса, аяққа бұрын орнатылған эндопротезге кіріп кеткен сүйек жаңқалары да қолбайлау болды. Винтті енгізу үшін арнайы пластина қолданылып, сүйек мықтап бекітілді. Бұл процедура уақталып кеткен сүйектерді аппараттың көмегімен орнына қойып, олардың жылжып кетуіне жол бермейді», — дейді Саламат Тойымбетова.
Екі сағатқа созылған ота сәтті өтті. Пациент екінші күні аяққа тұрып, 7 күннен кейін ауруханадан шықты. Белгілі бір уақыттан кейін ол реабилитациядан өтуі тиіс, дейді маман.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...