Алматылық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Алматы қалалық білім басқармасындағылар оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, үшінші тоқсанда Алматыда бұрынғыдай кезекші сыныптар болады.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева үшінші тоқсанда 1-сыныптан 5-сыныпқа дейін 15 баладан артық емес кезекші сыныптардың жұмысына рұқсат етілгенін айтты.

«Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі (өтініште көрсетіледі). Кезекші сыныптарда балаларды оқытуды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі», — деді Жылқыбаева.

Сондай-ақ, үшінші тоқсаннан бастап 9 және 11 сынып оқушылары аралас оқуға көшетіні белгілі болды. Яғни, сабақтың 70 пайызы оффлайн, ал 30 пайызы онлайн режимде өткізіледі.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...