Алматылық дәрігерлер бас сүйекті 3D импланттың көмегімен қалпына келтірді

№7 Қалалық клиникалық ауруханада 20 жастағы пациенттің бас сүйегі қайта қалпына келтірілді. Дәрігерлер оған титаннан жасалған 3D пластина орнатты. Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, жас жігітке осымен екінші рет ота жасалып отыр. Бұған дейін пациент жоғарыдан құлап ауыр бас-ми жарақатын алған. Алғашында мамандар сүйекті тесіп трепанация жасап, протез орнатқан болатын.

«Пластикалық операциядан кейін науқас тағы құлап, орнатылған протезді сындырып алған. Әріптестермен ақылдаса келе бір мезетте сынған акрил протезді алып тастап, титаннан жасалған 3D пластина орнату туралы шешім қабылдадық», — дейді №2 Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Ильдар Құрмаев.

Маманның айтуынша, краниопластика деп аталатын ота әдетте, бастағы ұйыған қанды, ісікті алғаннан кейін, бас сүйектің сынған бөліктерін алып тастағаннан кейін жасалады. Ол мидың қайта зақымдануына жол бермей, жарақаттан кейін болатын асқынулардың алдын алады.

Пациенттер операциядан кейін жетінші күні ауруханадан шығады, отаның орны 10-12 күннен соң жазылады.

«Біздің бөлімшеде жыл сайын бас-ми жарақатын алған 1 мыңға жуық пациент емделеді. Бір жылда бас сүйек дефектілерін жабу бойынша 100-ге жуық операция жасалады. Олардың арасында Алматының ғана емес, еліміздің түрлі өңірлерінен келген тұрғындар да бар. Акрилді цемент протездердің, титан торшалар мен пластиналардың үлгісін қолмен және 3D компьютермен модельдеу тәсілдері қолданылады», – дейді Ильдар Құрмаев.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...