Алматылық балалар төртінші тоқсанда қалай оқиды?

Алматының бас санитар дәрігері IV тоқсанда балалар қалай оқитынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазір былтырмен салыстырғанда коронавирус жұқтырған мектеп жасына дейінгі балалар саны екі есе өскен. Ол оқушылар арасында да вирус анықталғандар көп екенін атап өтті.

«Мутацияланған штамдардың ерекшелігі — олар балаларға да әсер етеді. Мысалы, өткен жылдың алғашқы алты айында 281 бала коронавирус жұқтырды, ал биыл алғашқы үш айда 1468 бала. Балалар арасында инфекция жұқтыру дерегі көбейгендіктен, қатаң шектеу шараларын қабылдадық.

Біз барлық мектепті онлайн форматқа көшірдік. Қарапайым мектептерде 1-5-сынып және халықаралық мектептерде 1-7-сыныптар ғана қалды, әр сыныпта 15 баладан аспайды. Кезекші сыныптарда да саны 15-тен аспайтын 9 және 11-сыныптар оқиды. Бұл шектеулер барлық мектепке, жеке немесе мемлекеттік болсын қолданылады», — деді ол.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда эпидемиологиялық жағдай нашар екенін айқан болатын. Кейінгі тәулікте қалада коронавирус жұқтырудың 545 жағдайы тіркелген.

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...