Алматылық жас балуандар республикалық турнирде топ жарды

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир өтті. Аталған додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар қатысып, боз кілемде өзара мықтыны анықтады. Турнирде Алматы қаласындағы Медеу ауданындағы демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды.

Бәсекеде дара шыққан спортшылар:

  • Тұрарбай Заңғар – 33 кг салмақта І орын
  • Сайлау Нұрислам – 38 кг салмақта ІІ орын
  • Қызайбай Оспан – 35 кг салмақта ІІІ орын
  • Бауржан Батыржан – 38 кг салмақта ІІІ орын
  • Мұхамжан Айбек – 41 кг салмақта ІІІ орын

«Бұл – біздің спортшыларымыз үшін үлкен тәжірибе мектебі. Балалар осындай республикалық деңгейдегі турнирлерге қатысу арқылы өз қабілеттерін шыңдап, болашақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғай алатын мықты спортшыларға айналатынына сенеміз», – дейді жаттықтырушылар.

Айта кетейік, Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының жұмысы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады. Медеу ауданындағы орталықтарда тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге тұрақты түрде спорттық үйірмелер мен жаттығулар ұйымдастырылып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасалып отыр.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...