Алматыдағы Розыбакиев көшесін Мұхтар Мағауин көшесіне ауыстыру ұсынылды

Әлеуметтік желіде белсенділер Алматыдағы Абдулла Розыбакиев көшесін Мұхтар Мағауин атына ауыстыруды ұсынып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл бастаманы желі қолданушысы Бота Дн Facebook-тегі жазбасы арқылы жеткізді. Ол жазушының еңбектері насихатталып, есімі ел арасында айтылып жүретіндей болуы керек дейді. 

«Алматының шетіндегі, баяғы переселендердің салған жапырайған ұсқынсыз үйлері орналасқан қисық, шолақ көшесінің біріне емес, орталықтағы көсіліп жатқан даңғылдардың біріне мысалы, ұзындығы 7000 метр Розыбакиев атындағы көшені Мұхтар Мағауин даңғылы деп ауыстыруға күш салып, нәтижесін шығарар. Розыбакиев деген ұлтқа қандай еңбегі сіңгені белгісіз біреу» дейді ол. 

«Бүгінгі істейтін жұмысты ертеңге қалдырмау керек»

Сондай-ақ, белсенді Алматыда Мағауин орталығын ашу керектігін айтты. Аталмыш бастама келесі ғасыр жетегіне кетпей, «темірді қызған кезінде соқ»-тыға басып, жақын арада іске асырылсын дейді ол. 

«Жарқыратып Мағауин орталығын аштырсын. Алматының көрнекті жеріне Батыс Еуропа скульптура үлгісіндей көрген адам өте шықпай, бұрылып тоқтап қарайтындай, тарихи жәдігер, ерекше көркем құндылығы бар ескерткіш қойғызсын. Кітабын қолына ұстап көрмеген ақ, қара, сары нәсілділер “ бұгім екен” деп, ең құрымаса википедияны ашып қарауы сөзсіз, ары қарай қызығып оқып, санасынан саңылау ашылуы да мүмкін. Насихатталсын. Мұхтар Мағауиннің әрбір сөйлемі өз алдына өмір сүре алатын қанатты, мағыналы. Мектеп оқу бағдарламасына енгізіліп, талданып, оқытылсын. Өшпес еңбектері экрандалсын. Қатты толғанғандардың ішінде билікте болған, жақын жүргендер де аз емес. Демек, көпіре салмай, шындап, құлшына кіріссе, іске асыруға болатын шара. «Темірді қызған кезінде соқ» дейді ғой, бүгінгі істейтін жұмысты ертеңге қалдырмау керек. Сиырқұймышақтанып кетіп, Жаңа Қазақстанды құрып жүргенде, 22- ғасыр еншісіне қалып кетер» деп бөлісті белсенді. 

Жастардың қолдауы

Белсендінің ойын өзге журналистер мен жас белсенділер де қолдай кетіп, желіде жазба жариялап жатыр. Журналист Дастан Қастай да Мағауиннің есімін ұлықталуын, Алматыдан көше берілуін қолдайтынын айтып, ұсынысты іске айналдаруға шақырды. 

«Алматыда әйгілі жазушы, тарихшы, ғалым Мұхтар Мағауинге көше беру туралы пікір айтады. Меніңше, өте-мөте дұрыс ұсыныс. Ұлтымыздың тарихын түгендеп, қилы кезеңнің өларасынан аса бай рухани орамымызды, бағалы бедерімізді аршып алған Мұхтар Ата Мағауин атындағы көше жас ұрпақтың санасына сәуле түсіріп, қоғамдық қозғалысқа, өз қаламыздың тарихи мазмұнын байытуға әбден лайық! Аталмыш ұсынысты қолдаймын және қолдауға шақырамын!» деп жазды ол. 

Пікірлер бөлімінде де көпшілік ұсынысқа қолдау білдіріп, ойларын ортаға салды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.