Алматыдағы атыстың мән-жайы айтылды

Алматыда Наурызбай ауданында 20 желтоқсанда болған атыстың мән-жайы айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty press-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, атыс Nef Uptown тұрғын үй кешенінде болған. Қылмыскер өзін электрик ретінде таныстырып, тұрғын үй кешеніне кірген. Кейін пәтерлердің біріне кіріп, үйде кездейсоқ болған ерлі-зайыптыға тапаншадан оқ жаудырған.

Екеуі де ауыр жарақат алды, әйелдің кеудесі мен қолы сынған. Ер адамның жағдайы ауыр: оған бес сағатқа созылған ота жасалып, енді ғана есін жиды. Ерлі-зайыпты ауруханада жатыр.

Тергеушілердің айтуынша, шабуылдың мақсаты тонау болған. Оқ жаудырған адам полиция келгенше қашып үлгерген. Алайда тұрғын үй кешенінің аумағында бейнебақылау камералары жоқ. Бұл жөнінде кешен тұрғындары көптен бері шағымданып жүрген.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

«Қылмысты ашуға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Алматы полициясының өкілдері.

Зардап шеккендер шамамен 40 жаста, күйеуі сақтандыру компаниясында жұмыс істейді, ал әйелі балалардың спорттық мансабымен айналысады. Балалар шабуыл кезінде үйде болмаған.

«Бұдан мынадай қорытынды шықты: қауіпті қылмыскер Алматыда тапаншамен қаруланған, оны тонау үшін пайдалануға дайын жүр», — делінген мақалада.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...